«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Уызына жарыған төлдің маңызы

2016 жылғы 01 Қыркүйек
- Жетісу облысы
9266 просмотров

Сарапшы маман алматылық фермерлерге уызына жарыған төлдің маңызын айтып берді

Алматы облысында Агробіліктілік орталығының мал шаруашылығы жөніндегі семинарлары жалғасуда. Бұл жолы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері сүтті сиырларды бағу сырына үңілді. Фермерлердің осы тұрғыдағы сұрақтарына сарапшы Алейдар Алентаев жауап берді.

Ол сиыр өсіру генетикалық әлеуеті жоғары бұқа таңдаудан басталатындығын атап өтті. Алайда, барлық фермерлер бұл әдісті пайдалана бермейді, сондықтан көбі мол өнім беретін мал өсіре алмай келеді. «Сиырларды табысты өсіру алғашқы сауынға қарап емес, өмір бойғы өнімділік деңгейіне қарап бағаланады», – деді дәріскер.

Оның айтуынша, ірі қара мал өсіруге кететін шығын, ең алдымен, табындағы сиыр санына және неше жасында бұзаулағанына байланысты. «Шығындар тізімінің басында жем-шөпке кететін, содан кейін еңбек пен қора-қопсыға кететін шығын тұрады. Бұзаулау интервалы бір айға кемісе және табындағы сиыр көлемі 100 басқа есептелсе, онда жылына қосымша 2 бұзау алуға мүмкіндік туады», – дейді Алентаев.

Сондай-ақ ол бұзауларды уызбен қоректендірудің маңызына тоқталып өтті. Айта кетерлігі, уыз деп, бұзаулай салысымен сиырдың желініне жиналатын сөлді айтамыз. Уыз – бұзаудың денесіндегі инфекциялық вирустар мен ауруларға қарсы қоректік зат.

Семинар аяқталған соң фермерлер сарапшыдан жеке кеңестер алып, семинар тақырыбы бойынша қосымша сұрақтар қойды. Ғылыми зерттеулердің тиімділігіне көздері жеткен мал өсірушілер ойға түйген машықтарын шаруашылықта пайдаланатын болып тарасты.

Естеріңізге сала кетсек, мал шаруашылығы бойынша өткізілетін семинарлар қыркүйек айында Талғар және Ескелді аудандарында жалғасады.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер