«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда «Бастау» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 130 жоба қаржыланды

09 Қаңтар 2019 - Атырау облысы

Өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен жүзеге асып жатқан  «Бастау» жобасымен 1 325 атыраулық бизнес негіздерін оқып шықты, оның ішінде 305 адам жеке кәсібін дамытуға жеңілдікпен несие алды.

Естеріңізге салсақ, халықтың экономикалық белсенділігін арттырып, кәсіпкерлікке тарту мақсатында «Бастау» жобасы «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен қолға алынған болатын. Жеке кәсібін ашқысы келетін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сонымен қатар бизнесін кеңейткісі келетін жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жобаға қатыса алады.

Атырау облысында жоба 2017 жылы іске қосылды. Ол уақытта кәсіпкерлік негіздеріне оқуға Индер, Исатай, Қызылқоға және Махамбет аудандары қатысты. Бірінші жылы жобаға барлығы 750 адам қатысты, оның ішінде 130 адам жеке кәсібін ашты. Атап айтқанда 77 адам жалпы сомасы 271,5 млн теңге көлемінде түрлі қаржылық ұйымнан жеңілдікпен несие алды. Бизнес-жобалардың басым бөлігі – ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласына қатысты.

 «2018 жылы «Бастау» жобасы бүкіл облысты қамтыды. Барлығы 1 325 атыраулық оқып шықты, 305 қатысушы 1 млрд 37 млн теңге көлемінде шағын несие алды. Сонымен қатар 25 қатысушы 100 АЕК көлемінде қайтарымсыз гранттарды иеленді», – деп хабарлады Атырау облысы ӨКП Бизнесті қаржылай емес қолдау бөлімінің жетекшісі Жанаргүл Жоламанова.  

Аудандар

Бағдарлама шеңберінде оқуға қатысқандар   (адам)

Алынған несие саны  (адам)

        Атырау қ.

116

8

   Жылыой

175

41

   Индер

175

48

   Исатай

145

46

  Қызылқоға

167

43

 Құрманғазы

262

56

 Мақат

154

16

 Махамбет

131

47

  БАРЛЫҒЫ:

1325

305

 

305 жоба ішінде 215 жоба  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, 58 жоба – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландырылды. Тағы 25 адам Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында грант алды, 1 адам «Теңізшевройл» компаниясының «Жарқыра» бағдарламасы бойынша грант алды. Бұдан бөлек 5 жоба екінші деңгейлі банктен несие алса, 1 жоба – лизингтік компания арқылы қаржыланды.

2018 жылы қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына жатады. Ары қарай көлік және қаттау, сауда, қызмет көрсету мен өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобалар.

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер