«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық демалысы

a

Шығындар бойынша анықтама

«Атамекен» алаңында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтың төрағалығымен шағындарды тасымалдау мерзімін қысқарту жөнінде жиын өтті. Кездесуге «Атамекен», Қаржы министрлігі және Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ бизнес және қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

 

Жиынды ашып, Рустам Жүрсінов..... атап өтті.

ҚР Қаржы министрлігі кәсіпкерлік қызметтен болған шығындарды тасымалдаудың мерзімін 10-нан 3 жылға дейін қысқартуды, өңдеу саласы субъектілері үшін  мерзімді 7 жылға белгілеуді ұсынды.

 

Шығындарды тасымалдау мерзімін 3 жылға дейін төмендетуде тәуекелдер орын алған. Атап айтқанда....

 «Аталған тәуекелдерді ескере отырып, Қаржы министрлігі шығындарды тасымалдау мерзімін қықсартудың 2 нұсқасын қарастыруда. Бірінші нұсқа – шығындарды тасымалдау мерзімін 5 жылға дейін төмендету: жыл сайын шығын сомасынан 20% тасымалдауға жатады, бірақ салық салынатын табыстың 50%-нан артық емес. Екінші нұсқа – жаңа немесе қолда бар өндіріске инвестициялар салуға байланысты шығындарды (жабдықтар, жер телімдерін сатып алу, ғылыми-зерттеу және сынақ-конструкторлық жұмыстар) тасымалдау  құқығын беру», – делінді жиын барысында.

Сонымен қатар министрлік салық салу масқатында шығындарды есептеуде халықаралық тәжірибені қолдануды қарастыруда. 

Шет мемлекеттерде шығындарды тасымалдау алдағы салық кезеңдерінде іске асырылып қана қоймай, сонымен қатар белгіленген шарттар мен шектеулерді ескере отырып, оларды өткен кезеңдерде есепке алу да мүмкін (Канада, Франция, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ).

Осы ретте Қазақстанға ұқсас салық жүйесі бар Ресейде 2017 жылдан бастап өткен салық кезеңдерінің шығынын есепке алу үшін ағымдағы салық кезеңінің салық базасының 50% шегінде шектеу белгіленді (Қазақстанда сомаларға шек қойылмайды).  

«Әлемде шығындарды есептеудің қолданылып жатқан модельдері Қазақстандағы модельден ерекшеленетіні түсінікті», – деп атап өтті Рустам Жүрсінов. 

 

Қатысушылардың пікірінше.....

Жиын қорытындысы бойынша ары қарайғы зерттеу жұмыстары үшін барлық ұсыныстарды жинақтауға қатысты шешім қабылданды.  

Еншілес ұйымдар

Серіктестер