astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Word
Translation
Description
аванс
алғытөлем

(фр. avance — алға жүру) Орындалатын жұмыс, қызмет үшін және жеткізілетін тауар үшін берілетін жалпы төлемақының есебінен қызметті ат)қару­ шыға (жұмыскерге, қызметкерге) тапсырыс беруші тарапынан алдын ала төленетін ақы көлемі. Кейінгі жылдары жарияланған сөздіктер мен оқулықтарда «алғытөлем» нұсқасы көбірек қолда­ нылған. Алғытөлемнің — аванстың көлемі жалпы еңбекақының елу пайызына дейін болады. Алғытөлемді беру арқылы жұмысты атқарушының мүдделілігін тудыруға, жұмыстың сапалы атқары­ луына мүмкіндіктер жасалады.

алғашқы аванс / алғытөлем — первоначальный аванс аванс / алғытөлем алу — получить аванс аванс / алғытөлем беру — выдать аванс аванс / алғытөлемді төлеу — оплатить аванс аванстық / алғытөлемдік есептеме — авансовый отчёт бюджеттік мекемелердің алғытөлемі — аванс бюджетных учреждений мақсатты / нысаналы алғытөлем — целевой аванс сатып алушылардың алғытөлемі — покупательский аванс

аккредитив
аккредитив

Төлеушінің тапсырмасы бойынша банк (банк­эмитент) қабылдап алатын шартты түрдегі ақшалай міндеттеме. Аккреди­ тив аванс / алғытөлем сияқты сауда мәмілесінде есеп айырысудың бір формасы ретінде қолданылады.

аккредитивтің күшін жою — аннулировать аккредитив бекітілген аккредитив — подтверждённый аккредитив (ағыл. confirmed) депозиттелген аккредитив — депонированный аккредитив күші жойылған аккредитив — отзывной аккредитив өз күшіндегі аккредитив — безотзывный аккредитив резервтегі аккредитив — резервный аккредитив (Stand-By) кумулятивті аккредитив — кумулятивный аккредитив

актив
актив

(ағыл. assets — меншік) Жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға тиесілі мүліктік құқық­ тардың (мүліктердің, негізгі қаражаттың, материалдық өндірістік қорлардың, материалдық емес қорлардың ақшалай қаражаттың, патенттердің, қаржының) жиынтығы. Кәсіпорынның бухгалтер­ лік теңгерімінің (балансының) екінші жағы, бұл есеп берілетін жылдың басы мен соңында шаруашылық мүліктерін құрамы, ор­ наласуы мен пайдаланылуы бойынша экономикалық тұрғыдан жинақтауды білдіреді.

актив акциялар — активные акции актив құнды қағаздар — активные ценные бумаги актив құнының көтерілуі — повышение стоимости актива актив шоттар — активные счета активтердің құнын қайта бағалау — переоценка стоимости актива активтің бастапқы құны — первоначальная стоимость актива активтің жойылу құны — ликвидационная стоимость актива зейнетақы активтері — пенсионные активы

акциз
акциз

Тауарлардың нақты түрлеріне қатысты іс­шара жүргізілген­ де, оның ішінде кеден шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін жағдайда заңды тұлғадан, жеке­дара кәсіпкерлерден алынатын салық түрі.

акциз төлеу — уплата акцизов акцизді есептеу — исчисление акцизов акциз төлеу тетіктері — механизм уплаты акцизов акциз сомасының есебі — расчёт суммы акцизов акциз төленетін тауарлар тізбесі — перечень подакцизных товаров акциз төлеушілер — плательщики акциза акциз мөлшерлемесі — ставки акцизов акцизді марка — акцизная марка

акционер
акционер

ағыл. shareholder — ие) Акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға. Акционерлік қоғамның, фирманың, кәсіпорынның құнды қағаздарын, мүлкін иеленуге ортақтаса алатын заңды немесе жеке тұлға

акционерге тиесілі ақша — принадлежащие акционеру деньги акционердің құқығы — права акционера акционердің міндеті — обязательства акционера акционердің өкілі — представитель акционера акционерлердің тізілімі — реестр акционеров

акционерное общество
акционерлік қоғам

Акционерлердің мүдделері үшін пайда табуға бағытталған не­ гізгі мақсаты бар, бірлескен шаруашылық қызметін атқаратын, акцияларды шығару мен сату арқылы өзінің капиталын қалып­ тастыратын кәсіпорындардың қызмет атқаруының ұйымдық­құ­ қықтық формасы

акционерлік қоғам директорларының кеңесі — совет директоров акционерного общества акционерлік қоғамды басқару — управлять акционерным обществом акционерлік қоғамның жарғылық қоры — уставный фонд акционерного общества акционерлік қоғамның жарғысы — устав акционерного общества акционерлік қоғамның капиталы — капитал акционерного общества акционерлік қоғамның шешімдері — решения акционерного общества ашық акционерлік қоғам (ААҚ) — открытое акционерное общество (ОАО) жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) — закрытое акционерное общество (ЗАО)

акция
акция

(ағыл. share — үлес) Акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай­ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық ак­ тілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. (ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңынан).

акциялар пакеті — пакет акций акция бағамы — курс акции акцияның номиналдық құны — номинальная цена акции акцияның көтерілуі — подъём акции акцияның түсуі — спад акции акцияны ашық сату — открытая продажа акции акцияны сатып алу — купить акцию атаулы акция — именная акция акция бағасы — цена акции акциялардың бақылау пакеті — контрольный пакет акций ұсынбалы акция — предлагаемая акция кәдуілгі акция — простая акция акцияның нарықтық / бағамдық құны — рыночная цена акции акцияның теңгерімдік құны — балансированная стоимость акции

альтернатива
балама

(лат. alter — екеуінің біреуі) Іс­қиылдың ең жақсысын таңдап ату мақсатында екі немесе бірнеше нұсқамен салыстыра отырып, қажетті нұсқа таңдап алы­ натын экономикалық белгі. Бір шешімге қарама­қарсы қойыла­ тын басқару шешімі.

балама бірлік — единица эквивалентная балама теңгерім / баланс — альтернативный баланс баламалы баға — альтернативная цена баламалы құн — альтернативная стоимость баламалы шешім — альтернативное решение

аренда
жал

(көне лат. arrendare — жалға беру) Келісімшар негізінде мүлікті уақытша пайдалану. Мүліктің иесіне — жалға берушіге уақытша пайдаланылғандығы үшін ақы төленеді. Мүлік тегін түрде де берілуі мүмкін. Жылжымайтын мүлікті және жылжымалы мүлікті уақытша пайдалануға беруге болады.

жалға алу — арендовать жалға алынған меншік — арендованная собственность жалға беру — сдать в аренду жалға беруші — арендодатель жалға салынған таза инвестиция — чистая инвестиция в аренду жалдық мердігерлік — арендный подряд қысқа мерзімге жадға беру — краткосрочная аренда (рейтинг) ұзақ мерзімге жалға беру — долгосрочная аренда (лизинг)

арендатор
жалгер

Нақты бір мүліктің иесімен немесе мүлік иесінің өкілетілігі берілген адаммен келісімшарт жасау арқылы мүлікті пайдалануға (тұрақты немесе уақытша) құқық берілген жеке тұлға немесе заңды тұлға.

жалгерлік ақы — арендная плата жалгерлік кәсіпорын — арендное предприятие жалгерлік құн — арендная стоимость жалгерлік төлемақы — арендные платежи жалгерлік шарт — договор аренды

Partners