astana-view

Департаменттер

Техникалық реттеу департаменті

Шүйкебаева Жазира Сәулебайқызы

Басқарушы директор - департамент директоры

8 (7172) 91-93-30
zh.shuikebayeva@atameken.kz

Еуразиялық экономикалық одақ және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру аясында ҰКП Кедендік реттеу департаменті заңнаманы жетілдіру, процедураларды жеңілдету, техникалық реттеу саласында әкімшілік және техникалық кедергілер туындататын нормаларды қысқарту бойынша негізгі міндеттерді атқарады.

Бүгінгі таңда техникалық реттеу ішкі нарықты реттеудің заңды механизмдерінің бірі, яғни экономиканы реттеу құралы болып табылады. Техникалық реттеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін шеше отырып, нарыққа, жекелеген кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігіне, сондай-ақ халықаралық саудаға айтарлықтай әсерін тигізеді. Оның үстіне, техникалық реттеу саудада техникалық және әкімшілік кедергілер жасау үшін, яғни нарыққа қолжетімділікті шектеуші құрал ретінде, және де, осыдан келіп бәсекелестік тудырушы ретінде саналы түрде қолданылуы мүмкін.

Техникалық реттеу дегеніміз не?

Көптеген кәсіпкерлер бұл сауалға жауап бере алмайды немесе түсінбейді. Қазақстан Республикасында бұл термин он жылдан астам уақыт бұрын «Техникалық реттеу туралы» заңмен енгізілген.

Қатардағы азамат үшін де, табысты кәсіпкер немесе жоғары лауазымды шенеунік үшін де бұл терминді түсініп-біліп жүру артық болмайды.

Әрқайсымыз, ерекшеліктеріміз бен айырмашылықтарымызға қарамастан, жеке өміріміздің қауіпсіздігіне, өзіміз тұратын ғимараттың сенімділігіне алаңдаймыз; бізге жақындарымыздың денсаулығын сақтау қажет, ол үшін тамаққа қауіпсіз өнімерді пайдалануға, қауіпсіз киімдерді киюге тырысамыз; тұрмыста қауіпсіз техника мен қауіпсіз машиналарды және өндірісте қауіпсіз жабдықтар қолданғымыз келеді...

Міне, осы жерде бір қарағанда зеріктіріп жіберетін әрі ғылыми тәріздес ұғым, алайда соншалықты қажет, қолданбалы, әркімге жақын – техникалық реттеу бізге көмекке келеді. Шын мәнісінде, техникалық реттеу құралдарын қолдану өмірімізді қауіпсіз қылуға көмектеседі, нарықты сапасыз өнімнен қорғайды, отандық өндірушілер мен импортшыларға сәйкес міндеттемелер жүктейді.

Қауіпсіздік – техникалық реттеудің алғашқы басты термині осы.

Техникалық реттеуге анықтама және түсіндірме беретін негізгі нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 «Техникалық реттеу туралы» Заңы және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт (Қосымша № 9) болып табылады.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер