«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес, тексерістерге дайын бол!

2015 жылғы 01 Шілде
- Атырау облысы
11357 просмотров

Бизнесті бақылаудың жаңа жүйесі туралы

Үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығынан бастап «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына сәйкес дайындалған кәсіпкерлік субъектілері қызметін бақылаудың жаңа жүйесі күшіне енеді деп күтілуде.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстағы төтенше жағдайлар департаментімен бірге ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысушылар Атырау облысындағы өрт қауіпсіздігі тәуекелдерін басқару жүйесінің негізгі жаңалықтары жайлы сөз етті.        

Атырау облысы ТЖД өкілі Сәлімғали Салықбаев өз сөзінде айтып өткендей, тексерілетін субъектілерге қатысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік бақылау төрт топқа бөлінеді. Бірінші топқа оларға қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерістер мен бақылау және қадағалаудың өзге де формалары қолданылатын тексерілу субъектілері жатады.

«Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-100 шкаласы бойынша субъективті критерийлер бойынша алынған балдарды қосу жолымен есептеледі. Тәуекел дәрежесі 0-60 көрсеткішті көрсеткенде тексерілетін субъект тәуекелдің жоғары дәрежелі нсыаны ретінде бағаланады және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерінде белгіленген мерзімде тексеріс жүргізудің ерекше тәртібінен босатылады. Ал 60-100 көрсеткіштерде тексеріс жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды», - деп түсіндірді Сәлімғали Салықбаев.

Департамен өкілінің сөзіне сүйенсек, екінші топқа оларға қатысты таңдамалы, жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де формалары жүргізілетін тексерілуші субъектілер жатады. Таңдамалы тексерістерде бұзушылар ғана нүктелі түрде тексеріледі, яғни мемлекеттік органдар әзірлеген, ең жоғары әлеуетті тәуекелге ие субъектілерге қатысты тексерістерді шоғырландыруға мүмкіндік беретін критерийлер негізінде.

Үшінші топқа жоспардан тыс тексерістер жүргізу жеткілікті болып табылатын салалар жатқызылған және ол негізделген шағымдар, соның ішінде құқығы бұзылған жеке және заңды тұлғалар шағымдарының негізінде ғана жүргізіледі, - деп жалғады сөзін Сәлімғали Салықбаев.

Мемлекеттік орган өкілінің айтуынша, төртінші топқа оларға қатысты бақылау мен қадағалаудың тек өзге формалары жүргізілетін тексерілуші субъектілер жатқызылады. Ол сонымен қатар барлық жоспардан тыс тексерістер тізімінің ҚР Бас прокуратурасы сайтына міндетті тәртіпте қойылатынын атады. Тексерістер басталғанға дейін бір ай ішінде кәсіпкерге сәйкес хабарлама жолданады.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев кездесуді қорытындылай отырып, тексеріс жүргізу кезінде мемлекеттік органдар кәсіпкерлер құқығын бұзған жағдайда олар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Өңірлік палатаға жүгіне алатынын айта кетті. Егер төтенше жағдайлар департаменті жайлы нақты айтар болсақ, мемлекеттік орган мен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының арасында кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум әрекет етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер