«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер мәселесі: бизнеске не күтуге болады?

2015 жылғы 23 Қыркүйек
9554 просмотров

«Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте жер қатынастары саласындағы бизнестің түйткілдері жайлы сөз болды

Кеңестің Бас прокуратурада өткен кезекті отырысында ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко қадағалау органдарының назарын кәсіпкерлерге ұшырасып тұратын бірқатар мәселелерге аударды. Сонымен, көбінесе елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерту енгізу мүмкіндіктері болмай жатады. Жергілікті атқару органдарының жерді пайдалану құқығын ұсыну жүйесінің ашық болмауы орын алып тұрады, алуға, жер телімдеріне жерді пайдалану құқығын ұзартуға берілген өтінімді қарау мерзімі көпке созылады.

«Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының болмауы кәсіпкерлер үшін көлемді әкімшілік кедергі тудырады, себебі Жер кодексінің 44 бабында жер телімдерін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс салу жобалары болуынсыз құрылысқа жер телімін ұсынуға тыйым салынатыны көзделген. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының болуы, сонымен қатар болмауы жергілікті атқару органының жерді пайдалану құқығын беруден немесе ұзартудан бас тартуына негіздеме болуы мүмкін екенін атап өту керек, себебі сұралатын жер телімінің нысаналы мақсаты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында көзделген нысаналы мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін», - деп атады Олег Савеленко.

ҰКП құқықтық қорғау департаментінің директоры нақты мысал келтірді. «Қарағанды қаласының әкімдігі 2012 жылы қала аудандарының бірінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын дайындау кезінде аталмыш аудан шекарасында жатқан және 1998 жылдан бастап «Яйлиди Р.И.» ЖК меншігіне жататын нысанды ескермей кеткен. Осыған байланысты қазір кәсіпкерде уақытша жер пайдалану құқындағы жер телімін жеке меншігіне құнын өтеп алу мүмкіндігі жоқ, сонымен қатар жер телімін жалдау мерзімін ұзарта алмайды», - деді ол.

Ұлттық палата өкілінің ойынша, ҚР қолданыстағы заңнамаға жер телімдерін беруге және эскиз жобалары негіздемесінде қолданбауға мүмкіндік беретін, не болмаса егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және құрылыс салу жобаларына тораптық өзгертулер енгізу жолымен, бас жоспардың жеңілдетілген схемалары және елді мекенде құрылыс салуды дамыту жолымен өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет. «Басқаша айтқанда, кәсіпкер өз бастамасымен аталмыш әкімшілік кедергіні өз есебінен болса да, бірақ кейін бюджет есебінен орнын толтыру арқылы жоя алатын механизмді қарастыру қажет», - деп түсіндірді ол.

Олег Савеленко сонымен қатар қолданыстағы мемлекеттік жер кадастрының жер санаты мен функционалдық мақсаты көрсетілген белгілі бір елді мекен шекарасындағы бос жатқан жер телімдері болуы туралы ақпаратты көрсетпейтінін атады.

Осыған байланысты Ұлттық палата уәкілетті мемлекеттік орган деңгейінде әкімдіктердің азаматтар заңды тұлғаларға бос жатқан жер телімдері жайлы ақпарат беру әдістемесін дайындап, бекітуді ұсынады. Оның үстіне бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, елді мекендердің даму және құрылыс салу жоспарларына сәйкес жер санаттары мен функционалдық аймақтануы міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

Кеңесте сонымен қатар жергілікті атқару органдарының азаматтар мен заңды тұлғалардың жерді пайдалану құқығын беруге, ұзартуға, сонымен қатар жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге берген өтініштерін қарау мерзімін бұзу мәселесі де қаралды.

2014 жылы Ұлттық палата елді мекен шегінде құрылысқа арналған жер телімін алу процедурасын жетілдіру және жеңілдету жөнінде жұмыс жүргізді, атап айтқанда, ХҚКО арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру процедурасы автоматтандырылды, сонымен қатар бірқатар процедуралар мен құжаттар алынып тасталды. Бірақ аталмыш шаралар елді мекен шегінде құрылыс мақсатында жерді пайдалану құқығын алу процедурасын жеңілдетеді, сонымен бірге кәсіпкерлердің өзге де өтініштерін қарауда мерзімдерді бұзу деректері де орын алып тұрады.

«Сөйтіп, мәселен, Маңғыстау облысында «Зыба» ЖШС 2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде Түпқараған ауданы әкімдігінің атына жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішпен алты рет жүгінген. ҚР Жер кодексіне сәйкес жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш берген сәттен бастап көп дегенде 60 күнтізбелік күнді құрайды. Жергілікті атқару органы қарау нәтижесінде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы немесе өзгертуден бас тарту туралы шешім (қаулы) шығарады. Алайда Түпқараған ауданы әкімдігі «Зыба» ЖШС 6 өтініші бойынша ешқандай шешім қабылдамаған және ешқандай да қаулы шығармаған. Аталмыш дерек бойынша материалдар сәйкес шара қолдану үшін облыс прокуратурасына берілді», - деп хабарлады Олег Савеленко.

Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығының басшысы Аслан Түкиев ҰКП департаменті директорының ойына келісе отырып, «шын мәнісінде жағдайдың одан да нашар» екенін мәлімдеді.

«Жер қатынастары ауыртпалықты нүкте болып табылады. Біршама уақыттан бері жер басқармалары Құрылыс істері жөніндегі комитет құзыретінен жергілікті атқару органдарының құзыретіне көшірілген еді. Қазір олардың қызметіне прокуратура органдары арқылы ғана ықпал жасауға болады. Ал түйткілдер жетіп жатыр», - деп атады ол.

Оның айтуынша, жер қатынастарындағы мемлекеттік қызмет ұсыну реттемелері бұзылуда.

«Бұл шенеуніктерді ең жақсы дегенде тәртіптік жауапкершілікке тартады. Алайда кәсіпкерлер үшін бұл салмақты салдарға әкеледі. Мәселен, жерді пайдалану құқығын ұзарту кезінде мемлекеттік қызмет ұсыну қасақана көпке созылып, жалдау мерзімі өтіп кетеді. Ақырында кәсіпкер аса зор көлемдегі шығынға батады», - деп қосты Аслан Түкиев.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Ғани Қасымов отырысқа қорытынды жасай келе, жер қатынастары саласында қаралған түйткілді мәселелердің жақын арада шешілеріне үміт артып, оларды қарарға енгізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер