«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дуалды білім беру: Германия жетістік тарихымен бөліседі

2015 жылғы 29 Қазан
13615 просмотров

Қазақстанда дуалды білім беруді енгізудің аралық қорытындылары жасалды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жылдық жұмыс нәтижесіне баға беру үшін Германдық GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамымен бірге конференция ұйымдастырып, онда жобаға қатысушы барлық тараптар бас қосты: неміс және қазақстандық кәсіпорындар, Қазақстандағы ГФР елшілігі, өңірлік кәсіпкерлік палаталары, ҚР Білім және ғылым министрлігі, колледждер мен халықаралық сарапшылар.

«Ұлттық палата аталмыш жобада өз функцияларын атқарады. Ең алдымен, біздің мақсатымыз – дуалды даярлыққа кіретін әлеуметтік серіктестерді, жұмыс берушілерді таңдап алу. Біздің өңір – Шығыс Қазақстан облысында дуалды оқыту бағдарламасы 5 кәсіпорында енгізілгенін атап өткім келеді», - деді ШҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Роза Бісікенова.

Ол сонымен бірге конференцияда тәлімгерлік және жоба аясында заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты түйткілді мәселелер аталғанын айтып өтті.

Сонымен қатар кәсіпорындарының негізінде студенттердің іс-тәжірибеден өтуіне арналған өндірістік база ұсынатын бизнес өкілдері де сөз алды. «Қазақстанда HeidelbergCement компаниялар тобын танытамыз және Өскемен құрылыс колледжімен қызметтеспіз. Аталмыш колледжде дуалды білім беру аясында «Өнеркәсіптік механика» мамандығына жетекшілік етеміз. Қазір колледжде компаниямыздың жанында жақын орналасқан елді мекендерден іріктеліп алынған 10 адам оқып жатыр. Олардың жұмысқа тұрып кететініне кепілдік береміз, және де осылайша кәсіпорынның маманға деген қажеттілігі жабылады», - деп мәлімдеді HeidelbergCement HR-менеджері Нағима Жамбасова.

Ол студенттер жайлы айта келіп, жастардың өздерін жақсы қырынан көрсетіп жүргендерін атады. «Өте жақсы пікірлер айтылып жүр. Олардың тәжірибелік білім алуға аса мүдделі екенін атауға болады», - деді Нағима Жамбасова.

«Промтехмонтаж» ЖШС-да іс-тәжірибеден өтіп жатқан Өскемен құрылыс колледжінің студенті Вадим Буйров жаңа оқыту формасынан алған әсерлерімен бөлісті. «Бар мәселе біздің бірнеше мамандық алып шығатындығымызда, яғни колледжде өнеркәсіптік механик дипломын алумен бірге, үш жұмысшы мамандық дағдыларын игеріп шығасың. Оқыту модульді түрде жолға қойылған. Нақты пәндерді оқып-үйренеміз, мәселен, дәнекерлеу ісі болса, онда колледжде дәнекерлеу ісінің теориясын оқып, осының бәрін кәсіпорында бекітеміз. Аталмыш модуль аяқталса, келесісі басталады. Яғни артық ештеңе оқып жатқан жоқпыз», - деді ол.

Филиалында қазақстандық колледждер студенттері іс-тәжірибеден өтіп жатқан германдық «Evonik Industries» компаниясының өкілі Клаус Лебхерц жастарды Германиядағы бас кәсіпорынға машықтануға жіберу жоспарда бар ма деген сауалға: «Ерекше көрінген, дарынды жастарды компанияның ішіне үңіліп, Германиядағы кеңселерден тәжірибе алып келетін бағдарламаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады деген ойдамын», - деп жауап берді.

«Алайда кез-келген кәсіпорында мұндай мүмкінік бола бермейтінін ескеру керек. Evonik немесе Claas сияқты ірі компаниялар мұны жасай алады, ал ұсақ компаниялар үшін бұл қиынырақ болады», - деп жалғады сөзін ол.

Германия Елшілігі Миссиясы басшысының орынбасары Джонни Крамер өз сөзімен ортақ іске ерекше оптимистік ауан берді. «Дуалды білім беру жүйесі Германия жетістігінің тарихы ғана емес, өзінше бір экспорттық шлягерге айналды. Аталмыш процесс Қазақстанда аяқталғанда қазақстандық-германдық жетістік тарихы жайлы айта аламыз деген сенімдемін», - деп мәлімдеді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер