«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы – бизнеске жолдама

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Атырау облысы
16816 просмотров

Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде Кәсіпкерлікті қолдау орталығы өзінің тиімділігін дәлелдеді

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары көрсеткен қызметтің арқасында Атырау облысында 2015 жылы жалпы сомасы 289,5 млн теңгеге 113 жаңа бизнес-жоба сүйемелденген. Негізінде, бұл ауылшаруашылық бағытындағы және қызмет көрсету саласындағы жобалар. Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Қайранбаев әлеуметтік даму және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне арналған өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.  

Ербол Қайранбаевтың айтуынша, көп жағдайларда ісін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардың, атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары шарттарын түсіндіруді сұрап жүгінген, сонымен қатар рұқсат ету процедураларынан өту кезінде және кейбір әкімшілік кедергілерді жеңуде мамандардан көмек сұраған.

«Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары бүгінде облыстың барлық аудандарында жұмыс жасауда. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде тиімділіктерін дәлелдеп отыр. Егер бұрын ауылдықтардың кәсіпкерлік жайлы көптеген мәселелермен облыс орталығына жүгінуіне тура келген болса, ендігі жерде ауыл деңгейінде бір орында бизнес-қызметтердің кең аясы ұсынылады әрі тегін. 2015 жылы жалпы алғанда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мамандары облыс аудандарында 6685 рет консультация берген. Ұсынылған консультациялар саны жөнінен Махамбет, Индер және Жылыой аудандары көш басында тұр», - деп жеткізді Ербол Қайранбаев.

Сонымен бірге, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнеске сервистік қолдау көрсету аясында 8 лот бойынша қызметтер ұсынады. Үстіміздегі жылы 1208 кәсіпкерге қызмет көрсетілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда, көрсеткіш 4 есеге өсті. Статистика көрсеткендей, қаржы және бухгалтерлік қызметтер (299 адам), маркетинг (266 адам) және заңгерлік қызметтер (199) көп сұралған.

Палата өкілі атап өткендей, ауылдықтар үшін бизнес-жоспарлар дайындау жөніндегі қызмет ерекше маңызды болды. Бұрын олар сәйкес мамандарды өз беттерінше іздеп, ол үшін барталай ақша төлеуге мәжбүр болған еді. Үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан бұл қызметті жалпы сомасы 89 млн теңгеге 154 адам алған. Кәсіпкерлік бастамаға ие ауылдықтар мен кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының жанында әрекет ететін бизнес-мектептерге үлкен қызығушылық білдіреді. Бұрыннан кәсіппен айналысушы бизнесмендер, яғни бизнесті құру мен дамытуда тәжірибеге ие тұлғалар дәріс жүргізеді. Аталмыш мектептерде 630 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер