«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата кәсіптік стандарттар дайындауда

2016 жылғы 29 Қаңтар
13422 просмотров

Жобаны Дүниежүзілік банк есебінен қаржыландыру болжанып отыр

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Еңбек кодексіне жасалған өзгертулер күшіне енді. «Атамекен» ҚР ҰКП ол бойынша салалық бірлестіктер дайындаған кәсіптік стандарттар жобаларын бекітеді. Кәсіптік стандарттар жобаларын бекіту Палатаның салалық хатшылықтары мен ҰКП салалық комитеттерінің отырыстары арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіптік стандарттарды бекіту қағидаларының» жобасы жасалып, салалық қауымдастықтардың талқылауына ұсынылып отыр.

«Бизнес-қоғамдастық өкілдері ретінде кәсіптік стандарттарды дайындауды ұйымдастыру үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алатынымыз жайлы мәлімдедік, сондықтан да салалық комитеттер мен хатшылықтардың салалық қауымдастықтармен бірге аталмыш мәселеде белсенгені дұрыс», - деп атады ҰКП адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева.

Палата Дүниежүзілік банктің жобадағы «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» компонентін жүзеге асыру аясындағы стандарттарды дайындау, бекіту жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды жоспарлауда. Жоба ҚР Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің арасындағы Серіктестік туралы келісім аясында жүзеге асырылады. Жобаны қаржыландыру Дүниежүзілік банктің 2016-2020 жылдарға арналған қарызы бойынша іске асады. Салалық қауымдастықтар байқау процедурасынан өткеннен кейін қарыз аясында кәсіптік стандарттар дайындауға құқылы.

«Стандарттарды дайындау қағидаларына өзгерту енгізу жөніндегі хат осы аптада ғана келген болатын. Онда: «ҰКП мүшелік жарналары мен жұмыс берушілер қаражаты есебінен», - деп жазылған. Оған үзілді-кесілді қарсымыз, ол жайлы ұстанымымызды бірнеше рет білдіргенбіз. Бізде бір ғана мүмкіндік бар – Дүниежүзілік банк жобасы», - деп атады Ләззат Шонаева.

Оның сөзінше, Ұлттық палата бұрын жасалып бекітілген және бекітілуге тиіс стандарттардың барлығына жақында тексеріс жүргізеді. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Еңбек кодексінің күшіне енуіне байланысты барлық қолданыстағы кәсіптік стандарттарды қайта бекіту қажет екені жайлы мәлімдеп отыр.

«Салалық қауымдастықтар барлық факторларды ескере отырып, барлық қатысы бар хатшылықтармен бірлесіп кәсіптік стандарттар дайындалуы қажет салалар мен еңбек қызметі түрлерін анықтағаны дұрыс. 12 ақпанға дейінгі мерзімде мұқяит талдау жүргізіп, нақты тізбе берулеріңізді сұраймын», - деп мәлімдеді департамент директоры.

Палата порталында барлық қажет реттемелеуші құжаттама орналастырылатын болады: бұйрықтар, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер