«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП бірінші кезекте ауылшаруашылық кооперативтерін субсидиялауды ұсынып отыр

2016 жылғы 17 Наурыз
9982 просмотров

Ұлттық палатада инвестициялық салым кезінде фермерлердің шығындарының бір бөлігін өтеуді субсидиялаудың жаңа ережелері талқыға салынды

Агроөнеркәсіптік кешен комитеті хатшылығының басшысы Рүстем Құрманов Комитет отырысында осы мәселені алға тартты. Ол бюджеттік қаражатты экономикалық тиімді пайдалану үшін, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаражатты гектарына субсидиялау, ал 2017 жылдан бастап мал шаруашылығында АӨК-дегі қаржылық құралдарды субсидиялау шешімі шығарылғанын (оның ішінде инвестициялық субсидиялар) хабарлады.

«Ережелерге енгізілген өзгерістерге ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер жөніндегі түсіндірме жатады. Яғни, егер өтінімді ауыл шаруашылығы кооперативі берер болса, онда кооперативте тіркелген аналық бас малдардың жиынтық саны, сонымен бірге жер телімдерінің жиынтық ауданы есепке алынатын болады. Ал бізде ұсыныс та бар, біз мұны ауыл шаруашылығы министрімен талқылаған болатынбыз. Субсидия алу кезегі бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтеріне басымдық берілуі тиіс деп ойлаймыз», – деді ол.

Құрмановтың пікірінше, ережелердегі өзгерістің тағы бірі – субсидияларды транш түрінде төлеу. Оған сүт, ауылшаруашылық малдарын, ауылшаруашылық өнімдерді тасымалдауға арналған көлік алу секілді инвестициялық паспорттар кірмейді.

«Сондай-ақ 5 га жерге қарқынды өсетін жеміс-жидектер мен жүзім егу секілді инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі туып отыр. Бұрын тек алма ағаштары ғана болған. Инвестициялық жоба аясында жаңбыр суымен суару мен тамшылатып суару жүйелерін жасау және өрісін кеңейту аудандары ұлғайды. Бұрын ол 10 га болса, қазір бір инвесторға 300 га», – деп хабарлады  хатшылық өкілі.

Құрманов басымдық беріліп отырған топқа «Ауылшаруашылық дақылдарын өндіретін нысандарды кеңейту» секілді жаңа бағыттың пайда болуын ережелерге енген ең маңызды өзгеріс ретінде атап өтті. «Егер бұрын дәнді-дақылдар, зәйтүн дақылдарын өсірумен айналысатын ауылшаруашылық өндірушілері техника алу кезінде инвестсубсидиялар ала алмаса, қазір олар өз инвестицияларының бір бөлігін өтеуге мүмкіндік ала алады», – деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, Хатшылық басшысының хабарлауынша, жаңа ережелерде «50 сиырдан асатын етті бағыттағы ірі қара мал өсіруге арналған нысандарды жасау және кеңейту», «50-ден 400-ге дейін сиыры бар сүт-тауарлық ферма құру және кеңейту», «Қуаттылығы 300 аналық бас болатын  қой/ешкі өсіру нысандарын құру және кеңейту», «Қуаттылығы 100 аналық бас болатын жылқы/түйе өсіру нысандарын құру және кеңейту» жобалары аясында тракторлар, дестелегіштер, тіркемелер, валкалар, қопсытқыш тырмалардың және т.б. мүмкін болатын максималды құны өзгереді.

«Сүт өңдеу, қуаттылығы тәулігіне 10 тоннадан асатын сүт өңдеу нысандарын ұлғайту» жобасы аясында қуаттылық мөлшері төмендеген. «Ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарын алу», «Ауылшаруашылық малдарын тасымалдауға арналған көлік құралдарын алу» жобалары аясындағы машиналар құны, керісінше, артқан. «Мен лимит құндарын қайта қарауды қажет екендігіне назар аударғым келіп отыр. Себебі, қолданыстағы Ережелер күшіне енгенге дейін, теңге бірнеше мәрте девальвацияға ұшырады. Бұл, өз кезегінде, қайсыбір жобалар аясында құрылыс салу, жабдық немесе техника алуға кететін шығындарға әсер етті. Осыған байланысты, біз Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынып отырған жобаны ескерпелер мен ұсыныстарымызды есепке ала отырып, бүге-шүгесіне дейін қайта қарауымыз қажет. Мұны талқыға салып, өз ұсыныстарымыз бен ескертпелерімізді министрлікке жолдауымыз керек», – деп қорытындылады Құрманов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер