«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шектеумен мәселе шешілмейді

2016 жылғы 08 Маусым
9757 просмотров

Қазақстандық қару-жарақ қауымдастығы қару-жарақ сату жөніндегі қауіпсіздік талаптарын күшейту қажеттілігін қолдайды

«Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттелген «Қорамсақ» қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов қауіпсіздікті күшейту мәселелерін қарастыру, қару-жарақ дүкендерін күзетуге қойылатын талаптарды күшейту, сатушыларға өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде қару-жарақ ұстау құқығын беру қажет деп есептейді.

Бұл тұста, «Қорамсақ» қазақстандық қару-жарақ қауымдастығындағылар толықтай тыйым салу қару-жарақ бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер қызметіне теріс әсер етуі мүмкін деген пікір айтады.

«Қару-жарақ дүкендері – бұл өз қызметін қатаң түрде ҚР заңнамасына сай жүргізіп отырған заңды компаниялар, ал қару-жарақ иелері міндетті түрде арнайы, психикалық денсаулығының жарамдылығын медициналық, ішімдік пен есірткіге бейімділігін тексерістен өткізеді, тек содан кейін ғана ІІМ-нен қару-жарақ алу үшін рұқсат алады», – дейді Сергей Катнов. Бұл тұста ол қару-жарақ бизнесі қазынаны толтырып, жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпкерліктің өзге де түрлері секілді экономиканың өсуіне ықпал ететінін айтты.

«Бүгінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ саудасын жасау қызметін жүзеге асыру лицензиясы шамамен 85 кәсіпорында бар, онда 2 мыңнан адам еңбек етуде. Осылайша, аталған дүкендердің жабылуы дағдарыс жағдайында әлеуметтік алаңдаушылықтың артуына әкеледі», – деді қазақстандық қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті.

Сонымен бірге, қару-жарақ бизнесіне толықтай тыйым салу заңсыз қару-жарақ саудасы мен «қара» нарықтың пайда болуына әкелмек.

Еске салсақ, бірқатар қоғамдық қайраткерлер Ақтөбедегі қайғылы оқиғалар жөнінде өз пікірін білдіре келе, Қазақстанда қару сататын дүкендерді жабу бастамасын көтерген болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер