«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мамандар заманауи білім алуда

2017 жылғы 14 Ақпан
- Атырау облысы
10328 просмотров

Палата сарапшылары үшін оқу-тренингтік семинар ұйымдастырылды

Атырауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері үшін «PMI® PMBOK® GuideFifthEdition стандарты негізінде жобаларды басқару тәжірибесі» тақырыбында оқу-тренингтік семинар ұйымдастырылды. Палата сарапшылары үш күн ішінде жобаларды басқарудың стандарттарымен, құралдарымен танысып, тәжірибеде жобаларды басқару жүйесінің қолдану мүмкіншіліктері мен артықшылықтарын ұғына алады. Дәрісті ҚР Жобалау менеджерлер одағының бизнес-тренері Светлана Нұртазина жүргізеді. 

«Жобалау менеджментін «басқару қызметінің ерекше мәдениеті, өркениетті бизнестегі кәсіби көпір» деп атайды. Оны ойлаудың, философияның өзіндік  түрі деп те санайды. Сондықтан бүгінде жобалау менеджментінің құралдары мен әдістерін игеру ақпараттық технологияны немесе автокөлік жүргізуді меңгергендей маңызды», – дейді тренер, техникалық ғылым кандидаты Светлана Нұртазина.

Оның айтуынша, жобаларды басқару бойынша берілген білімді түрлі салалардың қызметінде, әртүрлі жобаларға қатысты қолдануға болады. Жобаларды басқарудағы әдістеме мен құралдар мақсатты әрі жобалық-бағытталған қызметтегі салалардың барлығында қолданылады. Жобалық басқаруды енгізу компанияға немесе мекемеге ағымдағы тапсырмаларды тиімді шешуге ғана емес, сондай-ақ құрылған тиімді басқару бойынша бәсекелестік артықшылықты иеленуге мүмкіншілік береді. 

Кәсіпкерлер палатасының мамандары семинар меңгерілген корпоративтік дағдыларды құрылымдауға, жаңа білім мен тәжірибені алдағы уақытта жұмыс барысында қолдануға  көмектесетінін айтты. Сонымен қатар, әрбір тыңдаушы Жобаларды басқару институтінің халықаралық сертификатын алады (PMI).

Оқытып отырған ҚР Жобалау менеджерлер одағы – бүгінде стандарттау, мамандарды академиялық және кәсіби дайындауды, мемлекеттік, ғылыми және бизнес жобалармен басқаруға жобалық ықпал идеясын дамытуды, консалтингті біріктіріп,  жобалық басқару саласындағы жүйелік интегратор қызметін атқаратын жалғыз компания. Компанияның білім алушыларға және консалтингтік қызметті кәсіби деңгейде көрсетуге қажетті барлық құзыреті мен ресурстары бар. 

ҚР Жобалау мерзімі одағының ашық және корпоративтік форматта қысқа мерзімді тренингтерінде 670 компанияның 5,5 мыңнан астам маманы кәсіби білім алған. Консультанттардың, сарапшылардың, бизнес-тренерлердің құрамында компания дамуын басқаруда және жобаларды басқаруда практикалық тәжірибесі бар сертификат иемденген мамандар, ғылым докторлары, DBA, MBA мен жобалау менеджменті саласының магистрлары бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер