«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Орынсыз қателік 66 млн теңгеден қағытар еді

2018 жылғы 06 Ақпан
- Атырау облысы
9252 просмотров

Атырауда орын алмаған құқық бұзушылық үшін кәсіпкерлік субъектісі 66 млн теңгеден астам сомадағы ірі келісімшарттан айырылып қала жаздады. «Тимакс Электро» ЖШС-ның бұзылған құқығы бизнес-омбудсмен аппаратының көмегімен ретке келтірілді.

Істің мән-жайына қарар болсақ, 2017 жылы 13 наурыза «Тимакс Электро» компаниясы Атырау қаласындағы көше жарығы мен шам жабдығына техникалық қызмет көрсетудің электронды байқауында жеңімпаз атанды. Осыған орай, серіктестік мен Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолы бөлімі арасында 66 млн теңгеден астам сомада сатып алулар келісімшарты жасалды.

Алайда сол жылы 27 наурызда тапсырыс беруші Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаменті мен қалалық қаржы бақылау бөлімі камералық бақылау барысында анықтаған құқық бұзушылықтарынан келісімшартты бұзған.

«Анықталған құқық бұзушылықтың тізімінде «Тимакс Электро» ЖШС тәулік бойы диспетчерлік пункт жасамаған, тиісінше байқауға негізсіз қатыстырылған деп көрсетілген. Дегенмен, Серіктестікте тұрғын үй нысанын диспетчерлік пункт ретінде тегін пайдалану туралы келісімшарт жасаған, ал тексеруші органдар меншік иелерімен жалға алу келісімшарты мен нотариалды келісім жоқ деп көрсетілген. Істің материалдарын зерттеп, бизнес-омбудсмен аппараты тексеруші органдардың әрекеті заңды емес деп таныды. Осыған орай кәсіпкер мүддесін сотта қорғау шешімі қабылданды», – деп түсінік берді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша секторын басқарушы, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев.

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолы бөлімі, мемлекеттік ішкі аудит департаменті мен қалалық қаржы бақылау бөлімі әрекетін тану туралы талап арызының нәтижесі бойынша кәсіпкер талабын қанағаттандыру шешімін қабылдады. Осылайша серіктестік 66 млн теңгеден астам сомадағы келісімшартты сақтап қалды. Бүгінде компания аталған келісімшарт бойынша атқаруға тиісті жұмысты толықтай аяқтады деуге де болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Қар тазалау қызметінің төлемі қайтарылады
25 Желтоқсан
2017
Шығыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер