«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті және банк шотын онлайн ашуға болады

2018 жылғы 23 Мамыр
6835 просмотров

Сонымен қатар қызметкерді өндірістегі жазатайым оқиғадан  онлайн сақтандыру мүмкіндігі де қарастырылған

www.egov.kz электронды үкімет порталында бизнесті тіркеу және бірыңғай ҚҚС есебіне қою кезінде банк шотын ашу бойынша қызмет түрі қолжетімді болды. Сонымен қатар кәсіпкер қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын да рәсімдей алады.

 Алайда, әзірге шотты барлық банктер бойынша ашу мүмкін емес. Осы бағытта жұмыс қалай жүріп жатқаны жайында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы төрағасының міндетін атқарушы Юлия Якупбаевамен әңгімелестік.

 – Жыл басынан банк және сақтандыру сервистерін интеграциялау бойынша eGov-пен жұмыс жүргізілуде. Бұл не үшін қажет?

 –Ұлттық кәсіпкерлер палатасының миссиясы елімізде кәсіпкерліктің барлық бағытын дамыту. Кәсіпкер кәсіп ашып, жұмыс бастауға аз уақыт жұмсау керек. Ол онлайн режимде неғұрлым көп операция, оның ішінде ҚҚС бойынша тіркелу, есепке тұру және банк реквизиттерін алуы керек. Осы шараларға ешқайда шықпастан бір сағаттан аз уақыт жұмсалуы тиіс.

Бұрын алдымен заңды тұлғалықты тіркеу керек болатын, кейін банк шотын бөлек рәсімдеп, салық органдарына барып ҚҚС бойынша есепке тұрып, сақтандыру компаниясына өтінім беру керек болатын.

 Кәсіпорынды ашуды оңтайландыру және кәсіпкер барлық процедураларға жұмсайтын уақытты азайту Қазақстанның Doing Business рейтингінде дәрежесін арттырады.

 – Doing Business рейтингінде Қазақстанның орнын жоғарылату не береді?

 –Бұл рейтинг осал жерімізді анықтауға және оларды реттеу, мықты болу, жеке бизнес дамуына қажетті жағдайлар жасау және бәсекелестікті арттыру үшін не істеу керек екенін көрсетеді. Мәселен, Doing Business ретингі бүкіл өмірлік циклде бизнесті реттейтін заңдарды салыстыру мен бағалауға негізделген. Оның индикаторлары мемлекеттерді неғұрлым тиімді реттеу және одан әрі реформалар жүргізуге ынталандырады.

Шоттарды онлайн ашу және сақтандыру шарттарын жасау мүмкіндігі басқа да процедуралар сияқты «Кәсіпорындарды құру» индикаторы шеңберінде бағаланады. Бұл процедураларды заңнама талаптарына сәйкес кәсіп ашуға ниетті кәсіпкер өтуі тіиіс. Сонымен қатар мұндай процедураларды орындау үшін мерзімдер мен шығындар бағалануда.

 – Бұл бастаманы жүзеге асыруда Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының рөлі қандай?

– Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бұл бірінші кезекте қаржы секторына арналған диалог алаңы. Осылайша, банк және сақтандыру ұйымдары сервистерін интеграциялау аясында электронды үкімет порталымен бірге ҚР Ұлттық банкі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар», банктер және сақтандыру компаниялар қатысымуен кездесулер және дөңгелек үстелдер өтеді. Бұл кездесулерде жоба қатысушылары тап болатын мәселелер мен ұсыныстар талқыланады.

– Бизнесті тіркеуде қанша банк пен сақтандыру компаниялары өз қызметтерін онлайн қолжетімділікке берді?  

–Әзірге кәсіпорындарды тіркеуде Халық банк, Цеснабанк, ForteBank және Альфа-Банк сынды төрт банкте шот ашуға болады.

Ал қызметкерлердің өндірісте жазатайым оқиғадан сақтандыруға қатысты мәселеде өз қызметін Мемлекеттік аннуитеттік компания және Азия Life компаниясы ұсынып отыр.

 – Шотты онлайн ашу басқа банктерде қашан ашылады?

 – Жуық арада тағы алты банк жұмысқа қосылады.

Еуразия банкі, Банк ЦентрКредит, Астана банкі, АТФБанк, Qazkom және Қазақстанның Эксимбанкі сервистің тестілеу жұмыстарына қатысып, аяқтап қалды.  Тестілеуден кейін осы банктер арқылы да шот ашу мүмкіндігі болады.

Жылдың екінші жартысында тағы 8 банкті қосу жоспарланған. Осылайша жыл соңыңда жобаға 32 банктің кем дегенде 18 банкі жұмылдырылады. Яғни шағын және орта бизнеспен жұмыс істейтін барлық банктер жобаға қатысады.

–Сақтандыру компаниялары жайында сөйлессек...

– Қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын жасау үдерісі өте қиын екенін түсіну керек. Ұлттық банкпен мақұлданып, сауалнаманы толтыру, кәсіптік тәуекелдер тобын анықтау және т.б. туралы шарт жасасу тәртібінің оңтайлы әдісі әзірленген.

 Қазақстандық заңнамаға сәйкес қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру бойынша шартын тек 6 компания орындай алады. Олардың екеуі электронды порталына тіркеліп қойған.  

 Тестілеу үдеріснде Nomad Life, Халық-Life, Казкоммерц-Life и Standard Life компаниялары бар. Жуық арада тестілеу аяқталады.

 –Үдерісті тежейтін факторлар бар ма?

– Тестілеудің әр кезеңінде қатысушыларда түрлі сұрақтар туындайтыны орынды. Алайда Қаржыгерлер қауымдастығы жұмыс топтары жиындарында Ұлттық ақпаратық технологиялары компаниясымен қызметтерді аяқтауды қамтамасыз ету үшін барлық мәселелерді жедел қарау туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Әділет министрлігінің мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптары туралы бұйрықтарына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жеделдетілген түрде әзірленуде.

 Аталған сервис сұранысқа ие болады және жаңа бизнеске нарыққа шығуға жол ашады. Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік және қаржылық қызметті онлайн-режимге аудару бойынша жұмыс жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер