«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Экономикалық өсімді ынталандырып, нақты секторды жандандыру қажет

2016 жылғы 26 Қазан
11509 просмотров

Алматыда Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы Қаржылық сала комитетінің кеңейтілген отырысы өтті

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы банк жүйесінің, қаржы нарығының қазіргі жағдайын талқылау үшін жетекші қаржылық институттардың өкілдерімен кездесті.

Атап айтқанда, қазіргі ахуалды ескере отырып, банк портфелін жақсарту, нақты секторды несиелендіруді ынталандыру шаралары мен қажетті құралдарды енгізу жөніндегі ұсыныстар мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқару және тағы басқа мәселелер қарастырылды.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Мағжан Әуезовтің мәлімдеуі бойынша, қазіргі таңда Қазақстанның ақша және валюта нарығындағы жағдай тұрақтанған.

«Тамыз айының басынан бері мұнайдың оң динамикасы байқалып, теңгенің орташа бағамы АҚШ долларымен салыстырғанда 5%-ға күшейді. Қазан айының басында ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 12,5%-дық жылдық мөлшерлемеге дейін төмендетті. Ресми мәліметтерге сәйкес, ҚР Ұлттық банкі 2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияны белгіленген 6-8%-дық ауқымға дейін төмендету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын», – деп атап өтті Мағжан Әуезов.

Сонымен бірге жағдай әлі де көңіл көншітпейді. Мұнай бағасының төмендеуі, девальвациялар, доллардың басымдығы, барлығы экономикалық жағдайға әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда кездесудің өзегі экономикалық өсімді ынталандырудағы қаржылық сектордың рөлі мен нақты секторды жандандыру болды.

Ұлттық палатаның Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев тәуелсіздік жылдары  құрылған тәуелсіз қаржы жүйесі айтарлықтай жетістік болғандығын атап өтті. Банк секторы, қаржы нарығы экономиканың нақты секторындағы қаражаттарды бөлу құралдары болып саналады. Осыған байланысты бүгінде қаржылық және нақты секторлардың тиімді өзара әрекетін қалыптастыратын жүйелік тәсіл қажет. Өйткені тиімді қаржы жүйесі болмаса, экономиканың жұмыс  істеуі мүмкін емес.

Банк басшылары жергілікті түйткілді мәселелерді, сондай-ақ экономикалық өсімді ынталандыруға көмектесетін банк секторын қолдау шараларын нығайту қажеттігін талқылады. Ел ішінде ықпал ету мүмкін болмайтын сыртқы жағдайлар бар, алайда макромодель әзірлеу қажет. Онда экономиканы, соның ішінде қаржы секторын қолдаудың барынша синергетикалық тиімді және экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ететін шараларды айқындау қажет.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, экономика секторларына экономикалық түсімді қамтамасыз ету де тиімді жұмыс істейтін қаржы нарығы есебінен іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты ҰКП мен Қазақстан қор биржасының отандық компанияларды Қазақстан қор биржасы алаңына шығаруды ынталандыру үшін жүргізіп жатқан ағымдағы жұмыстарын жалғастыру қажеттігі туралы ортақ көзқарасы білдірілді.

Сондай-ақ Қазақстандағы биржалық алаңдар түрлі бағыттарға шоғырлануы қажет екені айтылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы халықаралық біліктілік талаптарына сәйкес келетін эмитенттерге есептелген, «Қазақстан қор биржасы» АҚ отандық инвесторлар мен эмитенттерге, шағын және орта кәсіпорындардың биржалық механизмдерді қолдануын ынталандыруға, қазақстандық қаржы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған: отандық рейтингтік агенттіктер, аудиторлар. Қос листинг мүмкіндігін  қамтамасыз ету де ойға қонымды. Қор нарығын дамыту экономикалық өсімді жылдамдату шеңберінде жүргізілуі тиіс, бұл бірінші кезекте, шикізаттық емес секторларға қатысты. Қор нарығын дамытуда қазіргі биржалық инфрақұрылымды мемлекет иелігінен алу да зор рөл атқарады.

Ұлттық валютаға деген сенімді арттыруға ықпал ететін осындай механизмдермен теңгелік өтімділіктің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, долларсыздандыру процесін күшейту қажет.

Отырыс қорытындысы бойынша, «Атамекен» Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев банк секторын сауықтыру жөнінде алдыңғы шаралардың тиімділігі ескере отырып, банктік секторлардың өзекті мәлелелері бойынша шоғырланған ұстаным әзірлеуге, қаржы жүйелері механизмдері арқылы экономикалық өсімді ынталандыру шараларын дайындап, банк секторындағы клиенттермен, бизнеспен кері байланысты күшейтуге тапсырма берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер