«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» мен Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерде жер мәселесін түсіндіреді

2018 жылғы 05 Маусым
5584 просмотров

Бекітілген кесте бойынша 7 маусымнан жұмыс сапары басталады

1 маусымда «Атамекен» бастамасымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев өңірлік бизнес өкілдерімен кездесудің Кестесіне қол қойды.

Бұл іс-сапардың мақсаты – жер заңнамасына енгізілген жаңашылдықты түсіндіру, жер қатынастарында орын алған түйткілді мәселелерді бизнеспен талқылау, Жер кодексіне түзетулер енгізу үшін ұсыныстарды жинақтау.

Бизнес-қоғамдастықты кездесулерге белсенді қатысуға, сауалдар қоюға шақырамыз. Көтерілетін мәселеге қатысты сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары мен басқарма басшылары жауап береді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Т.А.Құлыбаев пен ҚР Премьер-министрінің бірлескен іс-сапарларында жер қатынастары саласы кәсіпкерлік субъектілері көтеретін мәселелердің көш басында тұр.

Жыл сайын жер заңнамасын жетілдіру, жер қатынастары салаларындағы процедураларды оңтайландыру және автоматтандыру бойынша атқарылып отырған жұмысқа қарамастан, өңірлерде бір мәндік емес құқық қолдану тәжірибесі бар және жерге қатысты мәселе, жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынасқа бизнес тарапынан үнемі шағым тудырады.

Биыл 4 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

«Атамекен» ҚР ҰКП ұсынысы қабылданған Жер қодексіндегі түзетулер жерге құқық беру процедурасының ашықтығын қамтамасыз етуге және жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық қаупін жоюға бағытталған.

Жер мәселелерінің маңызды екенін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелерінің өңірлерге жасаған сапарлары да көрсетеді. Тұрғында жер қатынасына қатысты мәселе көтерген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер