«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық салу мәселелеріне қатысты тегін конференциялар Қазақстанның 22 қаласында өтеді

2019 жылғы 14 Қаңтар
10437 просмотров

Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен 14 қаңтар мен 22 ақпан аралығында Қазақстан қалаларында «Салық туралы қарапайым тілмен: САЛЫҚ 2019» тегін конференциясы өтеді

 Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлер мен ШОБ бухгалтерлерінің салықтық сауаттылығы деңгейін арттыру. Конференцияны Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев жүргізеді.

Конференция бағдарламасы салық салу және еңбек режиміне қатысты мәселелер, соның ішінде ҚҚС, электронды шот-фактуралар, ЕАЭО, жалға алу келісімшарттары тізілімі, алкогольді өнімді өткізу, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар, интернет сауда және т.б. тақырыптарды қамтиды.

 Тіркелу міндетті:  https://rcpp.kz/t2019

Конференциялар кестесі:

Күні

Қала

14 қаңтар 2019

Қарағанды

15 қаңтар 2019

Теміртау

16 қаңтар 2019

Астана

17 қаңтар 2019

Алматы

18 қаңтар 2019

Талдықорған

21 қаңтар 2019

Тараз

22 қаңтар 2019

Шымкент

23 қаңтар 2019

Түркістан

24 қаңтар 2019

Қызылорда

28 қаңтар 2019

Орал

30 қаңтар 2019

Ақтөбе

01 ақпан 2019

Атырау

04 ақпан 2019

Ақтау

07 ақпан 2019

Петропавл

08 ақпан  2019

Көкшетау

11 ақпан 2019

Өскемен

12 ақпан 2019

Семей

14 ақпан  2019

Екібастұз

15 ақпан 2019

Павлодар

18 ақпан 2019

Жезқазған

21 ақпан  2019

Қостанай

22 ақпан 2019

Рудный

Тіркелу үшін сілтеме: https://goo.gl/forms/9QG8vG8h5ASe1QzG2

Естеріңізге салсақ, 2019 жыл 1 қаңтар күні салық заңнамасындағы өзгерістер, оның ішінде ШОБ-қа арналған салықтық рақымшылық күшіне енді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер