«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда 72 білім ордасында кәсіпкерлік негіздерін оқыту жүріп жатыр

2019 жылғы 15 Қазан
- Атырау облысы
7845 просмотров

Атырау облысында биыл жаңа элективті пәні 6 мыңнан астам оқушы, студентерді қамтиды деп көзделген

«Кәсіпкерлік негіздері» пәні ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп,  «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен биылғы оқу жылында мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізілді. Жаңа элективті пәнге 36 факультативті сағат бөлінді.  Оқу курсы бизнес жүргізудің негіздері, маркетинг, қазіргі кезде сұранысқа ие бизнес-жобалар, салық салу режимдері және басқа да бизнес-тақырыптарды үйренуді қарастырады. Жаңа пәннің ерекшелігі – ойын түрінде оқытылады, ал сабақтардың негізі – отандық компаниядардың нақты бизнес-кейстерінен құралған.

 «Қазіргі таңда жаңа пән өңірде екі жоғары оқу орнында, 13 колледж және 57 мектепте оқытылып жатыр. Барлығы 6000 студент пен оқушы қамтылды. Осыған дейін жоба пилоттық режимде сыналды. Пилот оң нәтиже көрсеткен соң пән жаңа оқу жылынан элективті пән ретінде білім беру бағдарламаларына енгізілді. Жаңа пән шеңберінде қонақ дәрістер ұйымдастырылуда, оның шеңберінде студенттер мен оқушылар табысты кәсіпкерлердің дәрістеріне қатысады», – деді ӨКП бөлім бастығы Қуанғали Қожантаев.

 Қонақ дәрістердің бірінде Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері «Береке» компаниялар тобы» ЖШС директоры Әсет Тұяқбаевпен танысты. Кәсіпкер жастарға бизнес жүргізуде жеке тәжірибесі туралы айтты, қандай қателіктерді болдыртпау керек, бизнес дамытуда қандай қағидаларды ұстану бойынша кеңес берді.

Жаңа пәннің негізі мектеп және студент қабырғасынан жастар бойында экономикалық ойлау және кәсіпкерлік қызмет дағдыларын қалыптастыру екенін атап өткен жөн. Жұмыс істейтін кәсіпкерлерден басқа дәрістерді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері де өткізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер