«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда 111 ауыл кәсіпкері жер телімдерін алды

2020 жылғы 27 Қаңтар
- Атырау облысы
7173 просмотров

Махамбет ауданында 2019 жыл ішінде байқаулар мен аукциондардың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығын жүргізу және коммерциялық қызметке жер телімдерін111 кәсіпкер алды

Бұл деректер Кәсіпкерлер палатасының Махамбет ауданы бойынша филиал директоры Болат Рахметовтың есептік кездесуі барысында айтылды.

Жер қатынастары бизнес өкілдері үшін өте өзект мәселелердің бірі. Статистика көрсеткендей, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына келіп түсетін өтінімдердің жартысы жер телімдерін алу және рәсімдеуге қатысты. Жауапты органдар бүгінде бұл бағыттағы жұмысты күшейтті. Атырау облысының геопорталында бірқатар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алуға болады, олардың тізімі үнемі кеңейіп келеді. Жерді жалға беру құқығын сату бойынша байқаулар мен аукциондар саны айтарлықтай өсті.

«2018 жылы Махамбет ауданы бойынша 2 жер байқауы  және 1 аукцион өтті, 2019 жылы 3 байқау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығын жүргізуге жер телімдерін 83 кәсіпкер алды, тағы 28 адам коммерциялық қызметке жер телімдерін алды. Осы жылы жер байқаулары электронды форматта өтеді деп күтілуде.  Осыған байланысты ауыл кәсіпкерлеріне арнап жер қатынастары бөлім мамандарымен түсіндірме кездесулер ұйымдастырылады», – деді кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Болат Рахметов.

 2019 жылы «Бастау» жобасы бойынша Махамбет ауданында кәсіпкерлік негіздеріне 184 адам оқып шықты, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша – 55 ауыл тұрғыны оқып шықты. Оқып шыққандардың ішінде 21 адам жалпы сомасы 142 млн теңгеге жеңілдікпен несие алды. 83 адам бизнес-жобаларын қорғап, мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды алды, солардың ішінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, көп балалы отбасы мүшелері бар. Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 1 млрд теңге сомаға 93 кәсіпкер жеңілдікпен несие алды.

 «Соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 кәсіпкер 5,8 млн теңгеге қайтарымсыз грант алды. Олардың барлығы бүгінгі күні өз бизнес-жобаларын іске асырды. Мәселен, жеке кәсіпкер Жадыра Кенжеғұлова 2,5 млн теңгеге грант алып, жартылай дайын көкөніс өнімдерін вакуум қаптамада дайындау цехын ашты. Аталағн бизнес үшін әлеуетті ниша облыста жүргізілген скрининг арқылы анықталды. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауданда мүмкіндігі шектеулі адамдарға спорт залы және ет жартылай дайын өнімдері бойынша өндіріс ашылды», – деді Палата өкілі.

 Өткен жыл ішінде Палата филиалының мамандары мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 288 адамға кеңес берді, 158 адам сервистік қызмет алды. Осы жұмыс жалғасын табады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер