«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атыраудың балық аулайтын кәсіпорындары өнімді ЕАЭО елдеріне экспорттаудағы кедергілерге шағымданды

2020 жылғы 03 Ақпан
- Атырау облысы
6084 просмотров

Атыраудың балық аулайтын кәсіпорындары өнімді ЕАЭО елдеріне экспортттауда СТ-1 тауардың шығу түбі сертификатының болуы қажеттілігі туралы талапты алып тастауды сұрайды

Экспорт көлемінің өсуімен аталған мәселе балық өнімін экспорттаушыларында алаңдаушылық тудырды және Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу барсында талқыланды. Іс-шараға балық саласы және салық органдарының өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда өңірде ауланған балық өнімінің 85%-ы алыс және жақын шетелге экспортталады, осы ретте негізгі көлем ЕАЭО елдеріне тиесілі. Мәселен, 2019 жылы 11 мыңнан астам тонна балық экспортталған. Жуырда балық аулаудың жаңа маусым басталады, сәйкесінше экспорт көлемі арта түседі.  ЕАЭО елдеріне экспорттауда СТ-1 формасындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты беру үшін балық аулау кооперативтері өнімнің әр жөнелтілуі үшін 4 АЕК төлеуге мәжбүр. Қаржылық шығыннан бөлек, аталған процесс тауарды уақытында жеткізу мерзіміне кері әсер етуде», – деп шағымданды балықшылар.

 «2013 жылдан бері балық аулау шаруашылығымен айналысамыз, сәйкесінше Қазақстан және ТМД елдері бойынша балық өнімін өткіземіз. Бүгінде кедендік одаққа кірмейтін басқа елдерге де, ЕАЭО елдеріне де экспорттауға СТ-1 сертификатын алуымыз керек. Онда Кедендік одақтың артықшылықтары қандай? Сертикаттан бөлек, біз құжаттар топтамасын да жинауға міндеттіміз. Мұның бәрі көп уақыт алады, ал балық тез бұзылатын өнім. Сондықтан осы проблеманы шешуді сұраймыз», – деді «Долгий-1» ЖШС өкілдері Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына жазған өтінімінде.

 Анықталғандай, серификаттардың болмауы салдарынан салық органдары 2 кәсіпорынды 5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салған. Атырау облысы ӨКП директорынң орынбасары Серік Сарсекеновтың айтуынша, осы мәселені шешу үшін «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына хат жолданған.

 «Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО уәкілетті органдары және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелудің және олардың айналымының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер төрағасының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы өтініш жасау бойынша «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне жүгінді. Атап айтқанда, ЕАЭО елдеріне өнім экспорттауда СТ-1 сертификаттың қажеттілігін алып тастауды ұсынамыз», – деді Серік Сарсекенов.

Кездесу барысында балық аулайтын кәсіпорындар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұсынысын қолдады, осы мәселе жуық арада шешілетініне сенім білдірді. Балық тез бұзылатын өнім, экспорттауда қажетті құжаттарды жинауға 11 күнтізбелік күн кетеді, соның ішінде 8 күн ветеринарлық сертификатқа жұмсалады, ал балық саласында өкілдер саны 20 бірлік. Балық аулаушы кәсіпорындар ветеринарлық және салық қызметтерін «Атамекен» ӨКП жанында «Бизнеске арналған үкімет» орталығында шоғырландыруды сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер