«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен қабылдауы» арнайы кабинеті Атырау облысы экономикалық сотында іске қосылды

2020 жылғы 25 Мамыр
- Атырау облысы
6507 просмотров

Арнайы кабинетте Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы мамандары және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі қабылдау өткізеді.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Рүстем Жақсынбаевтың айтуынша, кабинет соттың фронт-кеңсесінде жабдықталған. Оның жұмысы дауларды сотқа дейін шешу тәртібін ұстануға және кәсіпкерлердің құқығын қорғауға көмектеседі деп күтілуде. 

 «Кабинеттің орналасуы келушілерге ыңғайлы. Мында Палата сарапшылары мен бизнес-омбудсменнің өңірлік өкілі келісілген кесте бойынша бизнеске консультативтік көмек көрсететін болады», – деді Рүстем Жақсынбаев.

 Заңды тұлғалар, атап айтқанда бизнес субъектілері, сондай-ақ мемлекеттік органдар даулы мәселелер бойныша сарапшылар көмегіне жүгініп, даулы жағдайларды сотқа дейін шеше алады.

 Өз кезегінде Атырау облысы бойынша бизнес-омбудсмен секторының жетекшісі Сәрсенбай Жолдыбаев кәсіпкерлер арасында дауларды реттеу бойынша сот және Палата қолға алған шаралардың маңызын атап өтті.

 «Карантиннен кейінгі кезеңде осындай кабинеттердің іске қосылуы өте орынды. Өйткені көптеген келісімшарттық міндеттемелері бұзылды. Аталған бастама шеңберінде біз кәсіпкерлердің арыздарын сотқа дейін реттеуді қолдану арқылы төмендете аламыз», – деді Сәрсенбай Жолдыбаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер