«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда бизнес нысандары вакциналау процесіне белсенді қатысып жатыр

2021 жылғы 25 Мамыр
- Атырау облысы
9945 просмотров

Бүгінде облыстағы 60-қа жуық ірі кәсіпорынның қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы екпе қабылдады.

Ковидке қарсы вакцинациналауға белсенді қатысып жатқан кәсіпкерлік субъектілерінің қатарында «ПЦН Kүзет» ЖШС бар. Компания қауіпсіздік қызметтерін ұсынуға мамандандырылған. Бүгінгі таңда компанияның Атырау, Құлсары және Ақтау қалаларында филиалдары бар.

«Клиенттерімізге көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселесі біздің қызметкерлеріміздің денсаулығына тікелей байланысты, сондықтан вакциналау біз үшін маңызды науқан», – деп атап өтті компания басшылығы.

Қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін көшпелі екпе салу бригадалары ұйымдастырылды. Екпе салудың алдында дәрігерлер жұмыскерлерге вакцинаның ерекшеліктері, компоненттері жайында ақпараттандырады. Вакцина алудан бұрын вирусқа қарсы иммунитетті алғысы келетіндермен жеке сұхбаттасу және медициналық тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, компанияның қызметкерлері вакцинаны тұрғылықты жерінде ала алады.

 

 «Компания штатында 200-ге жуық адам бар. Вакциналау процесі 4 мамырдан басталды. Вакцинаны бірінші болып директор Гүлмира Жұмағалиева бастаған компания басшылығы алды. Қазіргі уақытта қызметкерлердің 60 пайызы вакцинаның бірінші компонентімен егілді. 2020 жылы бүкіл әлемді  Covid-19 атты індет дендегені бәрімізге белгілі. Көптеген отбасы жақындарынан айырылды. Сондықтан, биыл біз және біздің команда өзімізді және жақындарымызды қорғау үшін вакцинация процесіне белсенді қатысуға шешім қабылдадық», – дейді «ПКН Кузет»ЖШС директорының орынбасары Гүлнара Сүгірова.

 Айта кету керек, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойныша «қызыл» аймақта тұр. Өңірде халықты жаппай вакциналау үдерісі жүріп жатыр. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес 24 мамырда «Спутник V»,  «QAZVAC» және «Hayat-Vax»вакциналарының алғашқы компоненттерін 737 тұрғын қабылдаған. Осы жылдың 1 ақпанынан 24 мамыр аралығында «Спутник V»,  «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вацианалыр І компонентін 50 604 адам қабылдаған. вакциналардың ІІ компонентін 20 314 адам алды.

 Қазіргі уақытта облыста вакциналаудың 31 стационарлық және 10 жылжымалы пункті бар. Атырау облысының әрбір тұрғыны COVID-19-қа қарсы вакцинаны ерікті келісім бойынша ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер