«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда жаңа балық мейрамханасы ашылды

2021 жылғы 26 Мамыр
- Атырау облысы
24618 просмотров

Жаңа нысанның артықшылығы тағамдар Орал-Каспий бассейінінен ауланған балықтан ғана дайындалады.

Атырауда  жаңа ауланған балықтан тағамдар әзірлейтін мейрамхананы құру идеясы жас кәсіпкер Лютфия Рысқалиева тиесілі. Жас кәсіпкер бизнеспен 2018 жылдан бері айналысады. Егер осыған дейін кәсіпкер спорт және би саласында бизнеспен айналысса, қазір – кәсіпкер мейрамахана бизнесіне ауысты. Кәсіпкерлік  Лютфия Рысқалиеваға жастайынан таныс бағыт. Оның әкесі құрылыс бизнесін жүргізген, қазіргі кезде әкесі баласына бағыт-бағдар, кеңес береді.

 «Балық – өңіріміздің визит картасы. Өкінішке қарай, Атырауда жергілікті балықтың дәмін татуға болатын орындар аз. Осы олқылықты жою үшін мен «West Fish» мейрамханасын ашуға бел будым. Балықтың бәрі Орал-Каспий бассейінен ауланады. Аспаздармен бірге біз сан алуан ас мәзірін ойластырдық, онда авторлық тағамдар да бар. Әр клиент өзіне ұнаған тағамды табады деген ойдамын», – дейді Лютфия Рықалиева.

 Мейрамаханы ашу 6 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Нысан сыйымдылығы – 50 клиентке дейін. Жергілікті балықтан басқа клиенттерге жеке наубайханада дайындалған нан-тоқаш өнімдері ұсынылады. Жуық арада кәсіпкер жылыжай ашпақ, осылайша мейрамхана мәзірі табиғи көкөніс және жемістермен толығады. Осы мәселені іске асыру үшін кәсіпкер Атырау облысы ӨКП көмегімен мемлекеттік қолдау шараларын қолданбақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер