«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Atyrau_books» миссиясы – адамдарды рухани байыту

2021 жылғы 02 Желтоқсан
- Атырау облысы
12256 просмотров

Табысты бизнес – қоғам мен адамдарға пайда әкелетін бизнес.

Мұндай пікірді «Atyrau_books» және «Читающий Прикаспий» кітап дүкендері желісінің негізін қалаушы және иесі Полина Кислицына айтады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өңірдегі бизнес субъектілері туралы біздің кезекті материалымызда интернет дәуірінде бизнес ханым оқырманның баспа кітаптарына деген қызығушылығын қалай сақтап қалуға болатыны туралы әңгімелейді.

 Полина Кислицына кәсібін 90-жылдары бастады. Бизнес ханымның айтуынша, ол уақытта ең бастысы тауарды бүлдірмей үйге жеткізу болды. Бастапқыда азық-түлік өнімдері сатылды, кейін кітап кәсібі қолға алынды.

 «Мен бұл кәсіпті кездейсоқ таңдамадым. Кітаптар бала кезімнен жанымда. Мен кітап құмар жандардың отбасында дүниеге келдім. Анам – Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, әкем мен әпкем де кітап оқуды жақсы көреді. Кітаптардың алғашқы партиясын Самара қаласынан алдым, күн суықта бір топ адам кітап кезегінде тұрғаны есімде. Сол кезде кітап бизнесінде өзімді сынап көремін деп шештім. Көп ұзамай Атырау қаласында «Читающий Прикаспий» атты біздің алғашқы дүкеніміз ашылды. Ол кезде бұл қаладағы жалғыз кітап дүкені болды», – деп есіне алды Полина Кислицына.         

Үш жыл бұрын ҚР Тәуелсіздік күні кәсіпкер «Atyrau_books» жаңа сауда маркасымен өзінің алғашқы дүкенін ашты. Бұл қадам өскелең ұрпақ үшін, олардың назарын баспа кітабына аудару үшін жасалды. Бұл бастама онлайн-кітаптардың көптігіне қарамастан ақталды, қазір «Atyrau_books» компаниясының тұрақты клиенттері арасында жастар аз емес.

«Бізге адамдарды кітап оқуға тарту өте маңызды. Бірнеше жыл бұрын біз инстаграм парақшасын белсенді жүргізе бастадық. Интернет бізге көпшілік, next ұрпағының жүрегін жаулап алуға көмектеседі деп айта аламыз. Инстаграмдағы қызықты кітапты шығарған кезде оқырманна кері байланыс аламыз.   Әлеуметтік желілерде кітаптар, авторлар туралы айту маңызды. Бұрын кітап дүкеніне баруды жоспарламаған пост оқырмандары кітап сатып алғысы келеді. Өйткені олар сюжетіне қызығады. Сонымен қатар, біз өз клиенттеріміз үшін тұрақты түрде түрлі тақырыптық кештер өткіземіз», – деді Полина Кислицына.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер