«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің 22 млн теңгеден астам қаражатын сақтап қалуға көмектесті

2023 жылғы 24 Сәуір
- Атырау облысы
15735 просмотров

Бұл туралы Өңірлік кеңестің отырысы барысында Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев айтты. Директор осы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмысты қорытындылады.

ӨКП басшысының айтуынша, есепті кезеңде 45 өтініш түскен, оның 25-і бизнесті қорғау желісі бойынша. Қазіргі кезде 12 өтініш бойынша мәселелер кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, қалғаны қаралып жатыр.

Өтінімдердің негізгі көлемі жер, сәулет және қала құрылысы мәселелерімен байланысты. Бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу, салықтық әкімшілендіру және басқа саладағы проблемалар.

 «Мысалы, бізге жеке кәсіпкер Исмаил Махмудов келіп, Атырау облыстық аймуақтық инспекцияның заңсыз әрекетіне шағымданды. Кәсіпкер Қазақстанға Түркиядан 42 тонна мандарин әкелген.  Инспекция жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысына сәйкес тексеру барысында карантиндік объект табылды. Осыған байланысты кәсіпкерге 2 әкімшілік хаттама жасалып, тауарды Қазақстаннан әкету не оны жою туралы нұсқама шығарылды. Кәсіпкер инспекцияға импорттық мандариндерді фумигациялауға (зарарсыздандыру) рұқсат алуға өтінім жіберді, алайда болмайды деген жауап алды. Осыған байланысты Палата инспекцияға осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберді. Нәтижесінде фумигацияға жол беріліп, кәсіпкер әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Осылайша, кәсіпкердің 22, 3 млн. теңге сомасындағы мүліктік құқығы қорғалды», – деді Нұрлан Сүйінбаев.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес тұрақты негізде жұмыс істейді. Бақылаушы және құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жолға қойылған, Палата сарапшылары кәсіпкерлерге сот органдарында сүйемелдеу көрсетеді.

Есепті кезеңде қаржылық емес қызметтер көрсету шеңберінде 239 шағын және орта кәсіпкерлік субъектіне 4 түрлі бағытта 244 қызмет көрсетілді. Олардың ішіндебухгалтерлік, салықтық есепке алуды жүргізу, статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер; заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша қызметтер; қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша қызметтер; бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер. Аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 435 клиентке консультанттар мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1310 консультация берді.

 «Тұрғындар арасында Әйелдер кәсіпкерігін дамыту орталығына келушілер көп. Облыста орталық былтыр наурызда құрылған. Бұған дейін жоба БҰҰДБ арқылы қаржыландырылса, қазір респуликалық бюджеттен қаржыландырылады. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы әйелдерді қаржылай емес қолдауға арналған алаң. Онда олар стартаптарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін бірқатар қызмет ала алады. Жыл басынан бері 85 атыраулық әйелге түрлі қызмет түрлері бойынша 274 кеңес берілді», – деп атап өтті Нұрлан Сүйінбаев.

Сондай-ақ, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Адами капиталды дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, губернатор Игорь Бабушкин бастаған Астрахан делегациясының Атырауға жасаған сапарының қорытындыларымен бөлісті. Атап айтқанда, Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы йАстрахан сауда-өнеркәсіп палатасый одағымен және Астрахан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қорымен меморандумдарға қол қойды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер