«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2024 жылғы 26 Шілде
2228 просмотров

Дереккөз: https://kaiser.ru/

30 шілде мен 1 тамыз аралығында Алматыдағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында HomeTech & Electra электроника және тұрмыстық техниканың халықаралық көрмесі өтеді.

Ауқымды шара ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегімен ұйымдастырылуда. Форумның тақырыбы – Орталық Азиядағы электрониканың даму болашағы.

Сондай-ақ, көрме аясында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, ҚР Үкіметінің және өзге елдердің лауазымды тұлғаларының, қауымдастықтар мен кәсіпкерлер палаталарының басшылары және бизнесмендердің қатысуымен Халықаралық форум өтеді.

Көрме ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын, сонымен қатар, дистрибьюторларды, маркетплейс мамандарын, көтерме сатып алушыларды және барлық кәсіпкерлерді көрмеге қатысуға шақырады.

Аталмыш шара Еуропа мен Американың 60-тан астам елінде, Түрік-Араб Іскерлік Ассоциациясының 23 елінде өндірушілермен тікелей байланыс орнатуға және бизнес көкжиектеріңізді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Гуандун провинциясының (ҚХР) 50-ден астам зауыты өздерінің жаңа технологияларын ұсынады. Аймақтағы бизнесті кеңейтуге мүдделі қатысушы компаниялар: «Altyn bank» АҚ, Samsung, ARTEL, BLESK, Spark Logistic, Samga, Remax, TEKNODOME EURASIA (Elista), Aisen, Darmart, Dentelle, Preneu, Hengke Industrial, Linhai Electric, Kailun, EagleWay , FAKIR Hausgeräte және басқалар.

Көрме қалаға әртүрлі елдердің жетекші мамандары мен компанияларын тартады, бұл қаланың іскерлік белсенділігіне оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканы қолдауға мүмкіндік береді.

Іс-шара Қазақстанға инвестиция тарту үшін зор мүмкіндік болмақ. Көрмеге қатысушылар инвесторлардың назарын аудара отырып, экономиканың дамуына ықпал ететін жобалар мен технологияларды ұсына алады.


Іс-шара аясында мыналар жоспарланған:

• Қазақстан Республикасының және басқа елдердің үкіметінің жоғары басшыларының қатысуымен форум

• HomeTech & Electra көрмесі

• B2B және B2G - сатушылар мен сатып алушыларға арналған сессиялар

• Тауарлар жәрмеңкесі

• Көрмеге келушілер мен қонақтар арасында тұрмыстық техникаға ұтыс ойыны

• Сауда мамандарының, брокерлердің және логистикалық компаниялардың өз қызметтерін ұсынуға және бизнесіңізді дамытуға көмектесуге дайын презентациялары

• Кедендік ресімдеу және логистика бойынша семинарлар

• Экспорт/импорт мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл бойынша кеңес беру.

Телефон: +7 (707) 414 22 22

Электронды пошта:

info@worldsilkway.com

www.hometechelectra.com


Еншілес ұйымдар

Серіктестер