«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен сот органдарының ынтымақтастығы жалғасын тапты

2025 жылғы 04 Ақпан
- Ақмола облысы
389 просмотров

Өңірлік палата алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты – ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру.

Кездесуге адвокаттық қоғамдастық, заң консультанттары палаталары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жеке компаниялардың заң бөлімдерінің басшылары және басқалар қатысты. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бауыржан Әлжанов, МАӘС судьясы Гаухар Нұрманова қолданыстағы тәжірибе, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қандай салаларды реттейтіні туралы хабардар етті. Сондай-ақ кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемаларға, оларды шешу жолдарына тоқталды. МАӘС мәліметтері бойынша, былтыр кәсіпкерлік субъектілерінен түскен әкімшілік талап-арыздардың саны 293-ті құрады (жалпы санының шамамен 30%). Соның ішінде (сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданғаннан кейін – 94 іс (32%) салықтық даулар – 66 (22,5%), жер мәселелері – 48 (16,3%), мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар – 43 (14,6%) басым.

Өз кезегінде Кеңес төрағасы Валентина Геращенко Палатаға келіп түскен өтініштердің құрылымы туралы айтты. Бұрынғыдай жер қатынастары (33%), салық салу (19%), мемлекеттік сатып алу (11%), АӨК, оның ішінде субсидиялау (17%), логистика, ТКШ (15%) көш бастап тұр. Жалпы, 2024 жылы ӨКП атына 264 өтініш келіп түсті, 156-сы бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді (59%). Қорғалған мүліктік құқық сомасы 246 млн теңгеден асты.

«Кездесуіміздің мақсаты әкімшілік шағымдар бойынша түсініктеме алу, қателіктер бойынша жұмыс жүргізу болды. Сондай-ақ, МАӘС әкімшілік істері жөніндегі сот актілерін, әкімшілік соттардың шешімдерін орындау жөніндегі мәселелерді, Азаматтық-процестік кодекс пен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі өзгерістерді ескере отырып, шағымдану, апелляциялық, кассациялық тәртіп, әкімшілік заңнаманы қолданудың басқа да құқықтық тетіктерін барынша қамту. Сонымен қатар, осы жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енетін әкімшілік істер бойынша экстерриториялық соттылық бойынша алдағы өзгерістерді атап өтпеске болмайды. Талапкерлер сот ісін жүргізуде әкімшілік іс сот отырысында талқылауға тағайындалғанға дейін аумақтан тыс соттылықты таңдай алады», – деп атап өтті ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Расул Сыздықов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер