«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағандылық кәсіпкерлерді Германияда тағылымдамадан өтуге шақырады

2026 жылғы 06 Қаңтар
- Қарағанды облысы
806 просмотров

«Іскерлік байланыстар» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы Германияда бизнес-тағылымдамадан өтуге өтінімдер қабылдау басталды. 

Бағдарлама 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және кәсіпкерлерге шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, білімін жетілдіруге әрі іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. 2026 жылы Қазақстанның кәсіпкерлері неміс кәсіпкерлікті дамыту орталықтарының базасында тағылымдамадан өте алады.

Аталған бағдарлама қазақстандық бизнес өкілдеріне халықаралық тәжірибені меңгеруге, заманауи басқару тәсілдерімен танысуға және шетелдік серіктестермен тікелей байланыс орнатуға жол ашады. 

Кандидаттар жұмыс тәжірибесі расталған және жылдық орташа табысы 10 мың айлық есептік көрсеткіштен басталатын шағын және орта бизнес басшылары болуға тиіс. Келіссөздер жүргізу және басқару шешімдерін қабылдау үшін өкілеттіктердің болуы да маңызды", - деп түсіндірді ӨКП директоры Ернар Күлпейісов.

Тағылымдама қатысушыларға Германияның іскерлік ортасына енуге, бизнестің үздік тәжірибелерін үйренуге, озық зауыттарға баруға және неміс компанияларымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бірінші кезең – Германияның бизнесті дамыту орталықтары негізінде бес апталық онлайн оқыту. Екіншісі – Германияда үш апта тағылымдамадан өтуді қарастырады.

Келесі жылы төрт негізгі бағыт анықталды:

- жасыл технологиялар және өнеркәсіп;

- денсаулық сақтау:

- ақылды ауыл шаруашылығы.

- әйелдер кәсіпкерлігін қолдау.

Биыл жылдары бағдарламаны Қарағанды облысының төрт кәсіпкері пайдаланды: "Инкар 1", “Сompass Solutions ltd", "АЗИЯ-СМ", Q-Inspection фирмаларының басшылары.

Өтінімді ӨКП кеңсесінде мына мекенжай бойынша беруге болады: Қарағанды, Тәттімбет көшесі, 709, немесе электрондық пошта арқылы: karaganda@atameken.kz, тел.: (8-7212) 50-64-18.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174