«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өңделген тауар шығаратын индустриалды-инновациялық қызмет субъектеріне шығындардың белгілі бір бөлігінің орны толтырылады. Отандық өңделген тауар(немесе олардың өнімдерін тарататын еншілес компаниялар)(бұдан әрі - индустриалды-инновациялық қызмет субъектері)  тізіміне енген сатылымдар бойынша индустриалды-инновациялық қызмет субъектеріне шығындардың белгілі бір бөлігінің орны толтырылады(бұдан әрі - тізім).

Индустриалды-инновациялық қызмет субъектеріне шығындардың 50%-ы қайтарылып, осы арқылы қолдау көрсету жүзеге асады.

Орны толтырылатын шығындар түрі:

  1. Отандық өнімдерді шетелде жарнамалауға жұмсалған шығындар:

Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар – төменде көрсетілген шығындар:

Шетелде жарнама үшін бұқаралық ақпарат құралдары (баспа, телеарна, радио), маманданған және жарнама журналдары мен каталогтарға шығындар;

Шетелде жарнама үшін қоғамдық орындарда (баннер, қоғамдық көліктердің сыртында жарнама ілу, аудио-видеоролик, лайтбокстар), қоғамдық көліктерде ілінетін жарнамаға шығындар;

Жарнамалық ақпараттар және аудио-видеороликтер дайындауға, жарнамалық құрал-жабдықтарға арналған шығындар;

  1. Шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысу үшін кететін шығындар

Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар – төменде көрсетілген шығындар:

Тіркеулік жарналарды төлеу шығындары;

Көрмелік аймақтарды жалдау шығындары;

Көрмелік стендтарға монтаж/демонтаж жасау, қосымша жабдықтарды алу немесе жалдау шығындары;

Көрмелік аймақтарды әзірлеу, безендіру және дизайн дайындау шығындары;

Жарнамалық, таратылатын ақпаратты әзірлеу, аудару, дизайнын дайындау шығындары;

Көрмеге қатысатын индустриалды-инновациялық қызмет субъектерінің екі қызметкерін аз шығын келтіретін санатпен ұшақ арқылы жолын өтеу шығындары;

Көрмеге қатысатын индустриалды-инновациялық қызмет субъектерінің екі қызметкерін орналасқан қонақ үйінің шығынын өтеу. Шетелдік көрмелерге қатысатын индустриалды-инновациялық қызмет субъектері қызметкерлерінің АҚШ доллары мен еврода (бір қызметкерге шаққанда) көрсетілген қонақ үй жалдау көлемін шектік көрсеткішінен аспайтын шығындарын төлеу. Қызметкерлердің тұрақтау уақыты 5 тәуліктен аспайтын, 1 қосымшада көрсетілген барлық Ережелерге сай орындалуы керек;

  1. Каталогты дайындау мен шығару:

Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар – төменде көрсетілген шығындар: шетелде таратуға арналған арнайы каталогты басып шығару, шетел тіліне аудар, дайындауға байланысты барлық жұмыстарды жүргізу үшін шығындар;

  1. Шетелде орналасқан қойма, сауда нүктесі, уәкілдік ету орнына арналған шығындар;

Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар:

Уәкілдіктің жұмыс орнын жалға алу үшін шығындар;

Сауда орындары мен қойманы жалға алу үшін шығындар;

  1. Өнім мен тауар белгісін шетелде тіркеуге байланысты, орындалатын барлық шараларды өткізу үшін шығындар:

Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар:

Өнімді шетелде тіркеуге байланысты шығындар;

Тауар белгісін (бренд) шетелде тіркеуге байланысты шығындар;

  1. Тауарды шетелде сертификаттауға байланысты өткізілетін рәсімдердің шығындары:

Орны толтырылатын шығындар бойынша баптар:

Тауарды шетелде сертификаттауға байланысты шығындар;

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің 2015 жылдың 30 қарашасынан шыққан №1128 қаулысына сәйкес өтініш берушілерге талаптар мен қажет құжаттар тізімі бекітілді.

Қосымша ақпарат:

Бұл бағдарламаға қатысу бойынша кеңес алу үшін төменде көрсетілген нөмірге хабарласа аласыздар:

+7 (7172) 919350 (ішкі байланыс 1918)



 

 




 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер