Атырауда балық өсірушілерге семинарлар өтуде
Бекірені қолдан қалай өсіруге болады? Бұл үшін қандай жағдайлар қажет, немен қоректендіріп, тұқымын қалай алуға болады?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын атыраулық балық өсірушілер «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының Орал-Атырау бекіре балығы зауытының базасында ұйымдастырған семинарлары барысында ала алады.
Тәжірибелік те, теориялық та сабақтар енгізілген семинарлар 17 тамызға дейін жалғасады. Сабақты Украина аграрлық ғылымдар ұлттық академиясының академигі, «Биология моря» ЖШС директоры Серік Темірханов өткізуде. Семинарлар тегін әрі оған бекірені жасанды жағдайда өсіруге қызығатын кез-келген адам қатыса алады.
Семинарлардың Орал-Атырау бекіре балығы зауытының базасында өтуі тегін емес. Кәсіпорында курсқа қатысушылар бекіре балығын өсірудің толық процесімен танысып, оларды бағып-қағу мен қоректендіру туралы біле алады. Бүгінде зауытта 25 ересек ұрғашы балық болса, соның 13-і бекіре, қалғаны қызыл балық. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 3,5 млн шабақ. Кәсіпорынның келешекте көздеген басты міндеті – өздерінің жеке аналық бекіре үйірін өсіру.
Семинарларға қатысу мәселесі бойынша Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады: 8 (7122) 777-606, 8 701 341 52 55. Ғалиулла Тұрағалиев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: