astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Слово
Перевод
Описание
потребление
тұтыну

Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін игіліктерді, тауарлар­ ды, қызмет көрсету түрлерін пайдалану

тұтыну бағасының индексі — индекс потребительских цен тұтыну бюджеті — потребительский бюджет тұтыну заттары — предметы потребления тұтыну қоржыны — потребительская корзина тұтыну қоры — потребительский фонд тұтыну несиесі / тұтынушылық несие — потребительская ссуда тұтыну тауарлары — потребительские товары тұтыну шығындары — расходы потребительские

предельный
шекті

Нақты түрде бекітілген мөлшерден, көлемнен асуға болмай­ тын.

шекті баға — предельная цена шекті бағам — предельный курс шекті норма — предельная норма шекті өзіндік құн — предельная стоимость шекті пайдалылық — предельная полезность шекті табыс — предельный доход шекті шығасы — предельные издержки шекті шығын — предельный расход

предложение
ұсыныс

Экономика саласында, кәсіпкерлік қызметте тауарлар мен өнімдер өндірушінің нарықтың бағытын ескере отырып, белгілі бір кезең аралығында, белгілі бір талаптарға сәйкес сұранысы бар тауарлар мен өнімдерді өндіруге дайын екендігін білдіретін ұғым

ұсыныс бағасы — цена предложения ұсыныс кестесі — график предложения ұсыныс көлемінің өзгеруі — изменение объёма предложения ұсыныстың артылуы — избыток предложения ұсыныстың жоқтығы — отсутствие предложения ұсыныстың өзгеруі — изменение предложения

предприниматель
кәсіпкер

Өнім және тауар өндіру, қызмет түрлерін көрсету және олар­ ды сату нысаны арқылы пайда табу мақсатында өз ісі бар адам. Өз ісін бастар алдында кәсіпорынды ұйымдастыру үшін қаражат іздестіреді, бастамашылық көрсетеді, бәсекеге қабілетті идеялар ұсынады, кадрлар жасақтайды, сөйтіп, кәсіпкерлік тәуекелге ба­ рады.

кәсіпкер әдебі — этика предпринимателя кәсіпкер тәуекелі — риск предпринимателя кәсіпкердің жауапкершілігі — ответственность предпринимателя кәсіпкердің табысы — доход предпринимателя кәсіпкерлер қоғамы — общество предпринимателей шағын кәсіпкер — малый предприниматель ірі кәсіпкер — крупный предприниматель

предпринимательство
кәсіпкерлік

Өз атынан, тәуекелге бара отырып, дербес жүргізетін, қызмет көрсетуден, тауарлар мен өнімдер өндіруден жүйелі түрде пайда табуға бағытталған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның қызметі

кәсіпкерлік қабілет — предпринимательская способность кәсіпкерлік қызмет — предпринимательская деятельность кәсіпкерлік қызметке салынатын салық — налог на предпринимательскую деятельность кәсіпкерлік қызметтің кепілдігі — гарантия предпринимательской деятельности кәсіпкерлік тәуекел — предпринимательский риск кәсіпкерлікті дамыту — развитие предпринимательства кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау — государственная поддержка предпринимательства кәсіпкерлік әдебі — этика предпринимательства кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру — страхование предпринимательского риска кәсіпкерлік орталық — предпринимательский центр

предприятие
кәсіпорын

Заңды тұлға ретіндегі құқықтары бар, әртүрлі экономикалық бағыттағы қызметпен айналысатын, өнімдер, тауарлар шығара­ тын, қызмет көрсету түрлерін ұсынатын дербес субъект

жеке кәсіпорын — частное предприятие кәсіпорын балансы / теңгерімі — баланс предприятия кәсіпорын басшысы — руководитель предприятия кәсіпорын жарғысы — устав предприятия кәсіпорын қызметкерлері — работники предприятия кәсіпорынға жұмысқа қабылдау — приём на работу на предприятие кәсіпорынға салынатын салық — налог на предприятие кәсіпорынды жекешелендіру — приватизация предприятия кәсіпорынды өтеп алу — выкуп предприятия кәсіпорынды реконструкциялау — реконструкция предприятия кәсіпорынды сауықтыру — реабилитация предприятия кәсіпорынды тарату — ликвидация предприятия кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі — конкурентоспособность предприятия кәсіпорынның есептілігі — отчётность предприятия кәсіпорынның өтімділігі — ликвидность предприятия кәсіпорынның табысы — доход предприятия кәсіпорынның төлемқабілеттілігі — платёжеспособность предприятия кәсіпорынның шығасылары — издержки предприятия кәсіпорынның іс-қимылға қабілеттілігі — дееспособность предприятия мемлекеттік кәсіпорын — государственное предприятие кәсіпорын жарғысы — устав предприятия кәсіпорынды тоқтатып қою — консервация предприятия кәсіпорынды басқару — управление предприятием кәсіпорын кірісі — доходы предприятия кәсіпорынның есеп-қисабы / есептілігі — отчётность предприятия

председатель
төраға

Комитетті, қоғамдық ұйымды, жиналысты басқаратын, сайла­ ну арқылы тағайындалатын жоғары лауазымды адам

бiлiктi төраға — квалифицированный председатель бұрынғы төраға — прежний председатель жаңа төраға — новый председатель жиналыс төрағасының қолы — подпись председателя собрания жиналыстың Төрағасы — председатель собрания мәжiлiстiң Төрағасы — председатель заседания Парламент(тiң) Төрағасы — Председатель Парламента төрағалық ету — председательствовать төрағаны орнынан алу — снять председателя с должности төрағаны сайлау — избрать председателя төрағаны тағайындау — назначить председателя төрағаның орынбасары — заместитель председателя төрайым — председатель (женщина)

преимущество
артықшылық

Белгілі ұғымның, құбылыстың немесе бұйым мен өнімнің өзі тектестерден немесе басқалардан тиімділігінің жоғары екендігі

артықшылығы бар — иметь преимущество артықшылығы жоқ — не иметь преимущества артықшылық алу — получить преимущество артықшылық беру — дать преимущество артықшылыққа қол жеткiзу — добиться преимущества артықшылықты пайдалану — использовать преимущество бiрқатар артықшылық — ряд преимуществ басты артықшылық — главное преимущество басым артықшылық — подавляющее преимущество кейбiр артықшылық — некоторое преимущество негiзгi артықшылық — основное преимущество

прейскурант
бағалық / бағанама

(нем. preiskurant, preis — баға және фр. courant — ағымдағы) Тауардың, өнімнің, сондай­ақ қызмет түрлерінің бағасы мен сипаттамасы, атауы, жарамды мерзімі, шығарылған кәсіпорынның мекенжайы көрсетілген ресми құжаттың бір түрі

бағалықты / бағанаманы белгілеу — указать прейскурант бағалықты / бағанаманы көрсету — уточнить прейскурант бағалықты / бағанаманы анықтау — определить прейскурант

премия
сыйлықақы

Күтілетін нәтижеден жоғары көрсеткішке қол жеткізген, мін­ деттерін жоғары жауапкершілікпен атқарған қызметі үшін қыз­ меткерге берілетін көтермелеу сипатындағы ақы

сыйлықақы мәмілесі — премиальная сделка сыйлықақылық еңбекақы төлеу — премиальная оплата труда

Дочерние организации

Партнеры