«Заңдарды бірге жақсартайық» сервисін пайдалану бойынша жадынама
Құрметті сайтты пайдаланушы!
«Заңдарды бірге жақсартайық» сервисі кәсіпкерлерге бизнес жүргізуге және дамытуға кедергі келтіретін нормалар туралы Ұлттық палатаға тікелей хабарлау мүмкіндігін беру мақсатында әзірленді.
Сіз ұсынған ақпаратты зерделеу нәтижелері бойынша келесі жауаптар беріледі:
- ұсыныстар қолдау тапты
- ұсыныстар қолдау таппады
Сіздің дәлелдеріңіз расталған жағдайда, құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдардың мекенжайына қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жолданады.
Заң талаптарына қайшы келетін нормалар бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданады.
Сіз өз ұсынысыңыздың қаралу нәтижесін atameken.kz/kk/lawoffer мекенжайы бойынша қадағалай аласыз
Жалғастыру
Пікір қалдыру: