astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
кластер
кластер

(ағыл. cluster) Белгілі бір бағыттағы өндірістің немесе қызмет көрсетудің оқ­ шауланған өзара жеткілікті салаларының өзара алмастырылатын бірліктері. Экономикалық кластер, мәселен, белгілі бір аумақта шоғырланған, бір­бірімен өзара байланысы бар өнімдерді жеткі­ зушілер, қызмет көрсету түрлерін топтастырушылар, инфрақұры­ лымдар, ғылыми­зерттеу институттары, жоғары оқу орындары тобын білдіреді; олар жекелеген компаниялардың өнімдерінің, қызмет көрсету түрлерінің өзара бәсекеге қабілетті бола алатын артықшылықтарын өзара толықтырып отырады.

аймақтық кластер — региональный кластер кластерге қатысу — участие в кластере кластер қатысушылары — участники кластера кластердің міндеттері — обязанности кластера кластердің сипаттамалы белгілері — характеризующие признаки кластера кластерлік бастама — кластерная инициатива кластерлік саясат — кластерная политика

клаузула
ұйғарынды

(лат. clausula — қорытынды, соңы, соңғы) Келісімшартта немесе оның кейбір тармақтары мен бапта­ рында көрсетілген талап, ескертпе

еңбек өнімділігі туралы ұйғарынды — клаузула о производительности труда жеделдетілген төлем үйғарындысы — клаузула ускоренного платежа ұйғарынды шығын — допустимые затраты

клиринг
клиринг

(ағыл. clearing — тазарту) Төлем балансын ескере отырып өзара есептесу арқылы жүзеге асырылатын, бір­біріне жеткізілген, сатылған тауарлар, өнімдер, қызмет көрсету түрлері үшін мемлекеттер, компаниялар, кәсіп­ орындар арасындағы қолма­қол есеп айырысу.

клирингтік жүйе — клиринговая система клирингтік есеп айырысу бойынша төлем балансы — баланс платежей по клиринговым расчётам клирингтік келісім — клиринговое соглашение клирингтік шот — клиринговый счёт

коллегия
алқа

(лат. collegium — одақ) Басқарудың басты, орталық органы

алқа жиналысы — собрание коллегии алқа мүшесi — член коллегии алқа шешімі — решение коллегии редакция алқасы — редакционная коллегия

коллектив
ұжым

Белгілі бір мақсаттарды, қызметті жүзеге асыру үшін бір ұйымда, бір кәсіпорында бірлесіп жұмыс атқаратын адамдар жиынтығы

еңбек ұжымы — трудовой коллектив ұжымдық келісімшарт — коллективный договор ұжымдық келісімшарт жасасу туралы келіссөздер — переговоры о заключении коллективного договора ұжымдық меншік — коллективная собственность ұжымдық мердігерлік — коллективный подрядчик ұжымдық мердігерлік — коллективный подряд ұжымдық сақтандыру — коллективное страхование ұжымдық шаруашылық — коллективное хозяйство ұжымның ахуалы — климат коллектива

комиссионные
комиссиялық

Делдалдық қызмет үшін төлем

комиссиялық алым — комиссионный сбор комиссиялық арзандату — комиссионная уценка комиссиялық вексель — комиссионный вексель комиссиялық қызметтер — комиссионные услуги комиссиялық сату — комиссионная продажа комиссиялық сауда — комиссионная торговля комиссиялық сыйақы — комиссионное вознаграждение комиссиялық тауарлар — комиссионные товары

коммерция
коммерция

— (лат. commercium — сауда) Кең мағынасында — кәсіпкерлік қызмет. Сонымен қатар сау­ да жасау және сауда­делдалдық қызмет, тауарлар мен өнімдерді, қызмет түрлерін сатуға қатысу немесе сатуға делдалдық жасау деген ұғымдарды да білдіреді

коммерциялық баға — коммерческая цена коммерциялық делдалдық — коммерческое посредничество коммерциялық деректер банкі — коммерческая база данных коммерциялық емес ұйым — некоммерческая организация коммерциялық кәсіпкерлік — коммерческое предпринимательство коммерциялық кәсіпорын — коммерческое предприятие коммерциялық кредит — коммерческий кредит коммерциялық құжат — коммерческий документ коммерциялық құпия — коммерческая тайна коммерциялық құрылым — коммерческая структура коммерциялық несие — коммерческая ссуда коммерциялық өндірісті өрістету — развёртывание коммерческого производства коммерциялық сараптама — коммерческая экспертиза коммерциялық сауда — коммерческая торговля коммерциялық шығындар — коммерческие расходы

компания
компания

(лат. compania — қауымдастық) Заңды тұлға. Кәсіпкерлердің сауда немесе өндірістік кәсіп­ орны, кәсіпкерлердің сауда­өндірістік бірлестігі, кәсіпорынды ұйымдастыру нысаны

компания активтері — активы компании компания балансы / теңгерімі — баланс компании компанияны құруға салынатын салық — налог на учреждение компании компанияны өтеп алу — выкуп компании компанияның босалқы қорлары — запасы компании компанияның таза құны — чистая стоимость компании

компенсация
өтемақы / өтем

(лат. compensatio — орнын толтыру) Еңбек құқығы бойынша еңбек және өзге де міндеттерді орын­ дауына байланысты шыққан шығындарды қайтару мақсатында бекітілген, қызметкерге төленетін ақшалай ақы. Өтемақының нақты мөлшері: а) тең атқарылған еңбек үшін тепе­тең еңбекақы төлеу көзделетін әділеттілік; ә) еңбектің күрделілігін бағалау; б) қызметкердің сіңірген еңбегінің деңгейі арқылы анықталады

өтемақы алу — получить компенсацию өтемақы белгілеу — определить компенсацию өтемақы мөлшері — размер компенсации өтемақы сұрау — просить компенсацию өтемақы тағайындау — установить / назначить компенсацию өтемдік баланс — компенсационный баланс өтемдік келісім — компенсационное соглашение өтемдік кредит — компенсационный кредит өтемдік қарыз — компенсационный заём өтемдік лизинг — компенсационный лизинг өтемдік мәміле — компенсационное соглашение өтемдік төлем — компенсационная выплата

комплекс
кешен

(лат. complexus — құшақ; байланыс, үйлесім) Ортақ мақсат­мүдделерге ие, белгілі бір саланың өндірісіне бағытталып біріккен жүйе, жиынтық

кешенді бағдарлама — комплексная программа кешенді жеткізілім — комплексная поставка кешенді өндірістік шығындар — комплексные производственные расходы кешенді талдау — комплексный анадиз кешенді тұрғыда / тұрғыдан — комплексный подход

Еншілес ұйымдар

Серіктестер