astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
ликвидный
өтімді

Жүзеге асыруға, ақшаға айналдыруға болатын. Тауарлар мен өнімдерді нарық бағасына сәйкес өткізуге болатын.

өтімді активтер — ликвидные активы өтімді капитал — ликвидный капитал өтімді қаражат — ликвидные средства өтімді қор — ликвидный фонд өтімді тауар — ходовой товар

лимит
лимит

(франц. limite, от лат. limes — шегара, шек) Сатып алуға, сатылымға қойылатын сандық көрсеткіш тү­ ріндегі шектеулі көлем, мәмілелердің, тауарлардың әкетілімі мен келуінің, пайдалы қазбаларды табудың, табиғи ресурстарды пай­ даланудың, еңбекақы төлеу деңгейінің шектеулі көлемі

лимитсіз кредиттеу — безлимитное кредитование лимиттелмейтін кредиттер — нелимитируемые кредиты лимиттен асып түсу — превышение лимита лимиттен тыс кредит — сверхлимитный кредит лимиттерді қайта бөлісу — перераспределение лимитов лимиттеуші бағатүзілім — лимитирующее ценообразование лимиттік бағам — лимитный курс лимиттік тоқтатым-бұйрық — лимитный стоп-приказ

лицензиар
лицензиар

(ағыл. licenser — рұқсат беретін тұлға) Өнертабыстың, патенттің декеменшік иесі болып табыла­ тын жеке тұлға немесе заңды тұлға; ол өзінің өнертабысын ком­ мерциялық және өнеркәсіптік мақсатта пайдалану үшін белгілі бір мерзім аралығында және нақты сыйақы көлемінде басқа адамға (лицензиатқа) сата алады

кешенді лицензиар — комплексний лицензиар лицензиардың міндеттері — обязанности лицензиара лицензиардың шешімі — решение лицензиара

лицензиат
лицензиат

(ағыл. — licensee) Жеке меншік иесінен өнертабыстарды, патенттерді, өндіріс­ тік және коммерциялық жаңа жетістіктерді белгілі бір шектеулер көлемінде пайдалану құқығына лицензия алатын жеке тұлға не­ месе заңды тұлға.

лицензиаттың құқықтары — права лицензиата лицензиаттың міндеттері — обязательства лицензиата

лицензия
лицензия

Белгілі бір орган тарапынан жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға берілген талаптар мен келісімшарттарды міндетті түрде қадағалау талап етілетін, қызметтің нақты түрін атқаруға рұқсат етілетін арнаулы рұқсаттама

лицензия алу — получить лицензию лицензия бағасы — цена лицензии лицензия талаптары — лицензионные требования лицензиялау — лицензирование лицензиялық келісімшарт — лицензионный договор лицензияны сату — продажа лицензии

льготы
жеңілдіктер

Нарық саласында міндеттерді, ережелерді немесе белгілі бір шарттарды жеңілдетілген түрде ұсыну нысаны; сауда­саттықта тауардың бағасын төмендету арқылы тауардың өтімділігін артты­ ру үшін қолданылады.

жеңілдетілген салық режімі — льготный налоговый режим жеңілдік тарифі — льготный тариф жеңілдіктер мен шығасыны теңгеру — уравновешивание льгот и издержек жеңілдікті зейнетақы — льготная пенсия жеңілдікті кредит — льготный кредит жеңілдікті шарт — льготный договор инвестициялық жеңілдіктер — инвестиционные льготы

макро…
макро…

Күрделі сөздердің құрамында қолданылады, «ауқымды кө­ лем» деген мағынаны білдіреді

макробақылау — макроконтроль макродеңгей — макроуровень макромаркетинг — макромаркетинг макроорта — макросреда макросұраныс — макроспрос макроэкономика — макроэкономика макроэкономикалық модель — макроэкономическая модель макроэкономикалық реттеу — макроэкономическое регулирование макроэкономикалық саясат — макроэкономическая политика макроэкономикалық тепе-теңдік — макроэкономическое равновесие макроэкономиканы тұрақтандыру — стабилизация макроэкономики

малый (экон.)
шағын

Ірі, көлемді, ауқымды емес

шағын бизнес — малый бизнес шағын жекешелендіру — малая приватизация шағын кәсіпкерлік — малое предпринимательство шағын кәсіпорын — малое предприятие

маржинальный
маржиналды

Шектеулі, қосымша, өсімді түрдегі

маржиналды қалдық — маржинальный остаток маржиналды салық — маржинальный налог маржиналды табыс — маржинальный доход маржиналдық талап — маржинальное требование маржиналдық түсім — маржинальная выручка маржиналдық шот — маржинальный счёт маржиналдық шығасы — маржинальные издержки

маркетинг
маркетинг

(ағыл. market — нарық, өткізу) Өнімді, тауарды өндіру мен өткізуді ұйымдастырудың ке­ шенді жүйесі. Ол тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттан­ дыруға және нарықтың ерекшеліктерін зерттеу мен болжамдау негізінде пайда табуға бағытталады. Маркетинг өндірісті нарық талаптарына бейімдеу үшін қажет. Сатылатын өнімнің сипатта­ масы, қажеттілігі анықталады, нарықтың ерекшеліктеріне талдау жүргізіледі. Жарнама маркетингтің бір құрамдас бөлігі болып та­ былады.

дамытыла бастаған маркетинг — развивающий маркетинг мақсатты маркетинг — целевой маркетинг маркетинг бағдарламасы — программа маркетинга маркетинг бөлімі — отдел маркетинга маркетинг делдалдары — маркетинговые посредники маркетинг стратегиясы — стратегия маркетинга маркетинг тұжырымдамасы — концепция маркетинга маркетингті басқару жүйесі — система управления маркетингом маркетингті жоспарлау — планирование маркетинга маркетингті ұйымдастыру — организация маркетинга маркетингтік әлеует — маркетинговый потенциал маркетингтік зерттеу — маркетинговое исследование маркетингтік қызмет көрсету — маркетинговые услуги маркетингтің тиімділігі — эффективность маркетинга сараланған маркетинг — дифференцированный маркетинг стратегиялық маркетинг — стратегический маркетинг шоғырландырылған маркетинг — концентрированный маркетинг

Еншілес ұйымдар

Серіктестер